Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий Құбыр Консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.
Беларусь Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Беларусь пен Ресей қарулы күштерінің “Батыс-2025” бірлескен стратегиялық әскери оқу-жаттығуына Еуропалық одақ елдерінің бақылаушыларын жіберуден бас тартуы – бұл елдердің соғысқа бейімделген саясатының нәтижесі.
Иран қарулы күштері Иран аумағына заңсыз жолмен 350 мың литр дизель отынын жеткізбек болған танкерді ұстады, деп жексенбі күні Таяу Шығыс ақпарат құралдары хабарлады.
Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.
Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.
Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.