Қазақстандық «Кадет» фильмінің 2026 жылғы «Оскар» киножүлдесіне ұсынылуының ашық жүргізілмеуіне қатысты Қазақстан кинематографистер лигасының наразылығынан кейін және Америка киноакадемиясының Қазақстан атынан биылғы байқауға қандай да бір фильмді қабылдаудан бас тартуынан соң, Лига төрағасы Айдар Баталовқа қарсы ұйымдастырылған ақпараттық кампания басталды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елде құрылатын жаңа бір палаталы парламентке барлық депутаттар бірыңғай тәртіппен сайланады, ал президенттік квота алынып тасталады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтердің кіріс дербестігін арттыру мақсатында төртінші деңгейдегі бюджеттерді нығайтуды тапсырды.
Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.
Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.
Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері негізінен өсіп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық мәліметтер мен компаниялардың қаржылық есептерін бағалауда.