Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен арадағы әңгімелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына ресейлік тараптың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтары оң қарқын көрсетіп отыр: Қытай нарығы қатарынан үшінші сессияда өсіп жатса, Жапония, Оңтүстік Корея және Аустралия биржаларында бұл үрдіс екінші сауда күнінде байқалуда.
Жалпы алғанда, сөз бостандығы мен медиа саласындағы ахуал туралы сын айтылды. Атап айтқанда, шетелдік грант алатын үкіметтік емес ұйымдарға қатысты талаптар күшейіп жатқаны, сондай-ақ елімізде баспасөз басылымдарының саны күрт азайғаны тілге тиек етілді. Бұған интернет пен әлеуметтік желілердің әсері ғана емес, нақты әкімшілік тосқауылдар да себеп болғаны айтылды.
Қазақстан аумағында немесе оның сыртында ұлттық мүдделерге тікелей әсер ететін дрон соққыларына қатысты елдің жоғары басшылығы мен сыртқы саяси ведомствосының ұстамды әрі дипломатиялық сипаттағы мәлімдемелермен шектелуі – түсінікті жайт.
Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.
Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.
Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.