Армения – Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі, ал екіжақты қарым-қатынастар берік достық пен өзара құрметке негізделген. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
The Wall Street Journal (WSJ) басылымының хабарлауынша, Еуропалық Одақ елдерінің көшбасшылары Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған АҚШ жоспарына жауап ретінде өз ұсыныстарын дайындап жатыр.
Жапония, сұйытылған табиғи газдың әлемдегі ең ірі импорттаушыларының бірі, 2025 жылғы қазан айында 5,848 млн тонна СТГ сатып алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық (2024 жылғы қазанда – 5,292 млн тонна), деп хабарлады елдің Қаржы министрлігі.
Жапония Үкіметі жалпы көлемі 21,3 трлн иенге (135,27 млрд доллар) тең экономиканы қолдау шараларының жаңа пакетін бекітті. Бұл COVID-19 пандемиясынан бері қабылданған ең ауқымды ынталандыру шараларының бірі болды.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары аясында екі ел арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.