«Sputnik Тәжікстан» хабарлайды: Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің Үкімет басшылары кеңесіндегі төрағалық Ресейден Тәжікстанға өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.
«Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлердің өтінішіне байланысты жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді әзірге жоспарлап отырған жоқ. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салықтық оңтайландыруға қарсы күрес тәсілдерін қайта қарау жөніндегі бизнес-қауымдастықтың үндеуіне түсініктеме берді.
Үкімет өз-өзін қамтамасыз ете алатын азаматтарды асырауға міндетті емес және ондай саясат жүргізілмейді. Олжас Бектеновтың айтуынша, алдағы үш жылға арналған бюджет қалыптастыру барысында базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылған.
«Тас түскен жеріне ауыр» демекші, кейде көзге көрінбейтін құжаттар астында шын мәнінде үлкен мәселе жатады. Мәселен, ешкімді шындап қызықтырмайтын «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасының астарында нағыз «шайтан ойнағы» жүріп жатыр. Дәл осы заң жобасы емес, 2001 жылдан бері бар және ешкімді алаңдатпай тыныш жатқан негізгі Заң. Ал қазір пікірталас тудырып жатқан – сол заңға енгізілетін кезекті өзгерістер мен толықтырулар. Ондай түзетулер бұған дейін де сан мәрте ұсынылған, әр жолы айтарлықтай пікірталас тудырғандай болғанымен, ақыр соңында еш нәтиже болмайтын.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 2025 жылдың үшінші тоқсанында алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.