инляндия Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Freezing Winds 25» («Суық желдер 25») атты ірі әскери-теңіз оқу-жаттығулары келесі аптада Балтық теңізіндегі Финляндия мен Эстонияның аумақтық суларында өтеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмыс тобының аралық нәтижелері жөнінде баяндады, деп хабарлады бейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі.
Пәкістан қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясында жүргізілген екі мақсатты қауіпсіздік операциясы барысында кемінде 23 қарулы топ мүшесі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды бейсенбі күні Anadolu агенттігі.
2025 жылдың қазан айында Ресей Федерациясы Қытай Халық Республикасына 6,2 млн АҚШ долларына шошқа шаруашылығы өнімдерін экспорттады, бұл қыркүйек айымен (11 млн доллар) салыстырғанда екі есеге жуық төмен көрсеткіш. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік кеден басқармасының материалдарында айтылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.