Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто бейсенбі күні Украина үкіметіндегі жемқорлыққа қатысты мәліметтер шыққаннан кейін, Еуропалық одақ бұл елге қаржылық көмекті тоқтатуы тиіс екенін мәлімдеді.
Қазақстан парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды Мәжіліске өз түзетулерімен қайтарды.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2026 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 11% болады деп болжап отыр. Бұл туралы Қазақстан бойынша ХВҚ миссиясының жетекшісі Әли әл-Эйд Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болып, аграрлық сектордың 10 ай ішіндегі даму қорытындылары туралы баяндадым. Ауыл шаруашылығы саласында оң динамика байқалады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 триллион теңгеге жетіп, өсім 5,4%-ды құрады.
Қазақстан теміржол бағыттарын кеңейтуге қабілетті екенін соңғы жылдардағы жүк ағындарының бірнеше есеге өсуі айқын көрсетіп отыр. Бұл елді жай ғана транзиттік аумақ емес, стратегиялық маңызы бар логистикалық ойыншы ретінде танытады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.