Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун Қытайдағы Жапония елшісі Кэндзи Канасугиді министрлікке шақырып, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитидің Қытайға қатысты мәлімдемелеріне байланысты ресми наразылық білдірді. Бұл туралы “Синьхуа” агенттігі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелдік нарықтарға үздіксіз жеткізу үшін авиатасымал әлеуетін неғұрлым белсенді қолдану қажеттігін айтты.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.