Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен күрдтер жетекшілік ететін Сирия демократиялық күштерінің (СДС) қолбасшысы Мазлум Абди Дамаскіде кездесіп, СДС құрамаларын Сирияның ұлттық қарулы күштеріне біріктіру мәселесін талқылады.
Сауда және интеграция министрлігінің уәжіне сүйенсек, бағаның оң серпініне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – баға белгілеуді әкімшілік жолмен бақылау. Бұған сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінің сақталуын қадағалау, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту жатады.
«Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер күннің соңында бүлдіршіндердің шашын түрлі күлкілі үлгіде сәндеп, ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген тосынсый аналар мен әкелердің жүздеріне күлкі үйіріп, видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Қолданушылар дәл осындай қарапайым әрі шынайы сәттер балалық шақты бақытты ететінін жазуда», – деп хабарлайды kztodaynews .
Әзербайжан бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму, климаттық тұрақтылық және гуманитарлық қызмет салаларында мүше мемлекеттер үшін нақты нәтиже беруге қабілетті, тиімділігі жоғары Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдайды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Йемен Президенттік басшылық кеңесі төрағасының орынбасары Абдалла Бавазирмен кездесіп, елдегі жағдайды талқылады.
Ару Алматы – тек Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы ғана емес, әр дәуірдің өзіндік қолтаңбасы сақталған бірегей сәулет кеңістігі. Қаланың сәулеттік келбеті Тянь-Шань тауларының бөктерімен үйлесім тауып, өткен ғасырлар мен қазіргі заманның сәулет үлгілерін тоғыстырған.
Бүгінде Алматының қарқынды дамуы шаһардың сәулеттік және қала құрылысы келбетіне жаңа талаптар қойып отыр. Қала аумағында жаңа нысандардың пайда болуы – тек жекелеген ғимарат салу мәселесі ғана емес, сонымен бірге тұтас аумақтың болашақ дамуын ескеретін кешенді үдеріс.
Осы орайда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – жаңа құрылыс нысандарының оқшауланған түрде емес, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сай, нақты аумақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жобалануын қамтамасыз етіп отырғанын Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлімсейтов мәлімдеді.