Евразия24ЖаңалықтарАуыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде...

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде жиналатынын болжады

|

|

Астана. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан 2026 жылы 2,5–2,6 млн тонна картоп және шамамен 3,5 млн тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Жаппай егін жинау жұмыстары келесі айда басталады. Қазіргі болжам бойынша, картоп пен көкөніс бойынша өнім орташа деңгейде болады. Картоп түсімі шамамен 2,5–2,6 млн тоннаны құрайды. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал көкөніс өнімі шамамен 3,5 млн тонна болады», – деді Сұлтанов сейсенбі күні Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне тоқталған вице-министр, құрғақшылыққа қарамастан, дәнді және майлы дақылдар бойынша жалпы жағдай қолайлы қалыптасып отырғанын айтты.

«Дәнді дақылдар бойынша батыс өңірлерде өте жақсы нәтиже күтілуде. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да өнім жаман емес. Ақмола облысының бір бөлігі құрғақшылықтың әсеріне ұшырады. Павлодар облысының тәлімі жерлерінде де жауын-шашынның аз болуына байланысты мәселелер бар. Жағдай тұрақтанады деп үміттенеміз. Майлы дақылдар бойынша да өнім жақсы болады деген болжам бар. Жалпы, табыстылығы жоғары дақылдардың есебінен шаруалар күз қорытындысы бойынша жақсы пайда табады деп күтілуде. Бұл болжамдар жүзеге асады деп сенеміз», – деді вице-министр.

Бұған дейін хабарланғандай, 4 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылып, 411 мың тонна көкөніс және 11,5 мың тонна картоп жиналған.

2025 жылы Қазақстанда дәнді дақылдардың бункерлік салмақтағы жалпы түсімі 2%-ға өсіп, 27 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ 2,8 млн тонна картоп және 3,7 млн тонна көкөніс жиналды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.