Евразия24Не болдыБалабақшадан тараған ең мейірімді тренд

Балабақшадан тараған ең мейірімді тренд

|

|

Жақсы жаңалыққа кезек берейік. Әлеуметтік желілерде елордалық балабақшалардың бірінде тәрбиешілердің ата-аналарға дайындаған ерекше тосынсыйы бейнеленген видео қызу талқыланып жатыр.

«Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер күннің соңында бүлдіршіндердің шашын түрлі күлкілі үлгіде сәндеп, ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген тосынсый аналар мен әкелердің жүздеріне күлкі үйіріп, видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Қолданушылар дәл осындай қарапайым әрі шынайы сәттер балалық шақты бақытты ететінін жазуда», – деп хабарлайды kztodaynews .

Айта кетерлігі, бұл балабақшадағы қыздардың ерекше шаш үлгілері – тәрбиешілердің жалғыз шығармашылық бастамасы емес.

Жуырда ұл балаларға да қиярдан жасалған бетке арналған маскалармен шағын SPA рәсімі ұйымдастырылған .

Нағыз антистресс десеңіз – осы астаналық тәрбиешілер. Жұмыстан шаршап келгенде алдыңыздан жай ғана балаңыз емес, басында «пальма» тәрізді күлкілі шаш үлгісі бар көңілді бүлдіршін немесе SPA рәсімінен шыққан кішкентай сәнқой жүгіріп шықса, еріксіз күліп жіберетініңіз анық. Осындай тәрбиешілері бар балабақшада балалардың көңіл күйі мен мерекелік атмосфера үшін алаңдамаса да болады. Креативтері үшін құрметке әбден лайық!

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.