Евразия24ҚоғамКөші-қон саясаты: білікті мамандарға басымдық

Көші-қон саясаты: білікті мамандарға басымдық

|

|

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығының сұранысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерін ескере отырып, көші-қон үдерістерін басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыруды жалғастырып келеді. (…) Сұранысқа ие мамандық иелері үшін Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу тәртібі жетілдірілуде. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін дамыту жалғасуда. Бұл бағытта жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық мамандарға кәсіби білім мен тәжірибені беру мақсатында тәлімгерлік институтын енгізу көзделген. Бұдан бөлек, ерікті қоныс аудару бағдарламасы да жетілдірілуде. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп, экономикалық ұтқырлық сертификатының мөлшері ұлғайтылды. Қолдау алушылардың қатары көбейіп, қоныс аударғанға дейін жұмыс орындарын алдын ала іріктеу тетіктері енгізілуде».

 

Еуразия24 пікірі:

Еңбек министрлігі іске асырып жатқан Көші-қон саясатының тұжырымдамасы маңызды бастама деуге болады. Себебі мемлекет көші-қонды енді тек әлеуметтік мәселе ретінде ғана емес, экономикалық дамудың да тиімді тетігі ретінде қарастыра бастады. Сұранысқа ие маманның тұрақтап қалуы үшін қолайлы өмір сүру жағдайы қажет екені анық. Ал халықты еңбек күші тапшы өңірлерде орнықтырудың ең тиімді жолдарының бірі – тұрғын үй мәселесін шешіп, тұрақты табысқа жағдай жасау.

Әзірге тәлімгерлік институтын дамытудың нақты және ұзақ мерзімді нәтижесін бағалау қиын. Дегенмен тәжірибелі мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесін жас қызметкерлерге беру кадр тапшылығын азайтудың тиімді тәсілдерінің бірі екені белгілі. Әсіресе, бұл Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік мамандардың тәжірибесін отандық кадрларға жеткізуге қатысты маңызды.

Инвестиция ең алдымен білікті кадрлар бар және оларды тарту тетіктері айқын қалыптасқан елдерге бағытталады.

Сондықтан бұл тұжырымдаманы іске асыру барысында мемлекет үшін процесті өз бетімен жібермей, өңірлердегі нақты жағдайды тұрақты бақылауда ұстау маңызды. Әйтпесе әлеуеті жоғары бастама жауапты органдардың салғырттығы, бюрократиялық кедергілер мен формалды көзқарастың салдарынан күткен нәтижесін бермеуі мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.