Евразия24Басты бетБешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау

|

|

Отырар уәлаятының басынан өткен қайғылы оқиға, Федерацияның орайын келтіріп, оны оп-оңай өзіне қосып алуы Хорезмнің басқа да уәлаяттарының билеушілеріне сабақ болып, ақылға келмесе, оларды не күтетінін айқын көрсетті. Жеңіс Ханның бұйрығымен оның немересі Бату Хан Жебе Ноян мен Сыпатай Батыр бастаған екі түмен әскермен 1219-1221-жылдары шеру тартып, Хорезм хандығының қалаларын аралады. 

Әр қалаға келгенде, оның Билеушісіне бітімгерлер жіберіліп, өз еркімен Федерация құрамына кіру туралы келісімге қол қою ұсынылды. Отырар әміршілерінің тағдырын ойда тұтқан қалалардың Билеушілері бірден бұл келісімге ғана емес, сонымен бірге, Біртұтас Экономикалық және Кедендік Одақтарға кіру туралы өтініштерге де қол қойды.

Әдетте, қала шонжарларының арасында Билеушіге қарсы оппозициялық ақсүйектер тобы болады, міне, сол топтың бір өкілін Бату Хан Жеңіс Ханның атынан билікке отырғызды. Ал, уәлаяттың бұрынғы Билеушісін ақырын ғана мойнын бұрап өлтіре салатын, оған немқұрайды шенеуніктер, қала тұрғындары мен ауылдық округтердің тұрғындары еш қарсылық танытпайтын. Жаңа әкімшіліктің тәртібін қадағалау мақсатында әр қалаға Мәңгі Елдің бір-бір өкілі қалдырылды. Қала әкімшілігі де, сондай-ақ, Федерацияның Сауда өкілдігі мен Консулдығы да кез-келген шешімді қабылдағанда, сол өкілмен ақылдасып отырды. Қашып кеткен Хорезм шахын Федералдар бақандай бір ай іздеп, ақыры Сырдария өзенінің қамыс тоғайында қуып жетіп, сол өзеннің лай суына батырып көзін құртты.

Міне, Хорезмді Мәңгі Елге қосу мәселесін қиюын келтіріп, қисынмен шешкендіктен, бұл елдегі қалалардың көне сәулеті аман қалып, бүгінде олардың ескі кварталдары, мешіттері, медреселері мен кесенелері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы мен көпшілікке арналған туризм нысаны болып табылады!

Жеңіс Ханға Орта Азия, Таяу Шығыс және Кавказ қалалары да қарсылық танытпай, соның арқасында сақталып қалды, әйтпесе, Отырар қаласы Әміршісінің Қамал-Резиденциясы сияқты, оларды да азат етілген Шығыс тұрғындары соңғы кірпішіне дейін талап әкетер еді! 

Міне, Хорезмнің отырықшы түркі халықтарына қайырлы әрі ақылды Билеушілерді, әділ әрі жеңіл салық жүйесін, жаңа тауарлар мен жұмыс орындарын, жерді меншіктеу құқығын берген көшпенділер Федерациясының Ынтымақтастыққа тарту мақсатындағы бейбіт операциясын тарихшылар тым өрескел «Шыңғыс Ханның Орта Азия халықтарын жаулап алуы» деп атайды.

Былай қарасаң, көшпенді ата-бабаларымыз соғысқұмарлықтан ада, зиялы адамдар сияқты еді, әйтсе, олардың іс-әрекеттеріне қатысты дәйім «жаулау», «басқыншылық», «қирату», «жою» сияқты сөздер  қолданылатыны несі екен?!

Орта Азия, Иран, Ауғанстан және Әзірбайжан халықтарының мәдени мұрасында Жеңіс Хан жаулаған жылдар зұлматы туралы ешқандай шерлі аңыздар, мұңды өлеңдер я зарлы әндер жоқ, өйткені, бар болса, Кеңес Өкіметі ол мәтіндерді жалаулатып алып шығып, «Жеңіс Хан сендерді құлдыққа душар етті» деп, сол замандағы түркілердің бетіне басар еді. 

Керісінше, Хорезмде берекелі бейбіт заман орнағаны туралы шаттық өлеңдер мен көңілді әндер болған, бірақ, Мәскеу жергілікті коммунистерге оларды жариялауға тыйым салып, бірін қалдырмай жоюға жарлық берді. Өйткені, Жеңіс Хан Хорезм халықтарының жүректерін жаулаған жарқын заман туралы игі естеліктер отырықшы түркі халықтарының жадында қалмауы тиіс  еді.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ 

ЮНЕСКО ПІКІРІ

Хорезм хандығының уәлаяттары Федерация құрамына кірген соң-ақ, Жеңіс-Хан Қытай–Орта Азия–Таяу Шығыс–Кавказ сауда жолдарында көлік қатынасының ішкі құрылымын жетілдіруді Мәңгі Ел экономикасын дамытудағы басты міндет деп жариялады. 

Алдымен қатаң түрде сауда жолдарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, ол үшін заңнамалық тұрғыда Федерацияның жаңа субъектілерінің ұжымдық жауапкершілігі жүйесі құрылып, соған сәйкес, қай субъект (яғни, қай ел) аумағында Ұлттық Сауда Корпорациясы мемлекеттік компаниясының керуені тоналса, шығынды сол елдің бүкіл тұрғыны әрі жеті есе ғып өтейді; нәтижесінде сол елдердің халқы Федерация өкіметіне жергілікті қылмыстық топтар туралы «жеткізіп», өз жастары арасында белсенді тәрбие жұмысын жүргізе бастады.

Бүкіл Жібек Жолының бойында әскери жасақтардың қатысуымен Жою Операциясы жүргізіліп, оның барысында Федерацияның Қарсы Барлау Қызметінің қызметкерлері мен бүкіл халық болып жұмыла анықтаған тонаушылар мен қарақшылар ұсталып, көпшілік алдында жазаланды. Қылмыскерлердің отбасылары солтүстік өлкелерге жер аударылып, үйлері елдің көзінше  қиратылды.

Барлық қалалар мен ауылдардағы дарға асылған қылмыскерлердің мәйіттері мен олардың қиранды үйлерінің әсері күшті болғаны сонша, көп өтпей-ақ, Жібек Жолындағы қылмыстық іс-әрекет атаулы сап болды. Еуропалық тыңшы Гильом де Рубруктың есебінде жазылғандай, Жібек жолының қауіпсіз болғаны сонша: «…әйел адам төбесіне бір табақ алтын қойып алып, бүкіл Мәңгі Ел жерімен жалғыз өзі еш қорықпай жүріп өте алар еді!».

Осыдан кейін Мәңгі Ел Қытай–Орта Азия–Таяу Шығыс–Кавказ бағыттары бойынша жолдар мен көпірлер салу, оларды жол белгілерімен жабдықтау, керуеншілердің түнеп, тамақтануына арналған керуен-сарайлармен, жегін жануарларға арналған суаты мен жем-шөбі дайын ат-арба тұратын орындармен, қоймалары бар базарлармен, ақша айырбастау пункттерімен қамту бойынша ауқымды жұмыстарға қыруар қаржы салды. Нәтижесінде осы алып елдер арасындағы саудаға тартылған мыңдаған адамдар осынау бірегей сауда Жолын – шалғай алысқа созылғандығына, тасылған тауарлардың көлеміне қарай – «Ұлы» деп атады, оның бойындағы қауіпсіздікті, салық жүйесі мен кедендегі ахуалдың «жұмсақтығын», көліктің жайлылығы мен табысқа жеткізер жолдың тақтайдай тегістігін «Жібек» деген бір-ақ ауыз сөзбен жеткізді! 

Жеңіс Ханның басты геосаяси жобасы «Ұлы Жібек Жолы»-ның арқасында, отырықшы халықтар мен көшпенділер арасындағы Әскери қақтығыстар дәуірінің орнына өзара тиімді қауымдастық аясындағы Бейбіт ынтымақтастық дәуірі орнап, халықтар экономикалық тұрғыдан өркендей бастады! 

Өзара бірігіп, Біртұтас экономикалық кеңістікке айналған ұлан-ғайыр аумақтардағы үлкен сауда басталғалы, артта қалған табиғи күнкөріс экономикасы біржола аяқталып, Азия тауар-ақша қатынастарына құрылған озық экономикаға көшті. Экономикалық тиімділік негізінде халықтарды ерікті түрде біріктіру саясатын жалғастыра отырып, Жеңіс Ханның ұлдары мен немерелері біртіндеп бүкіл Азияны Әлемдік экономика орталығына айналдырды. 1770-жылғы мәліметтер бойынша, сол кезде Азия дүниежүзілік тауар көлемінің 80%-н өндірген, оның қасында Еуропаның үлесі бар-жоғы 5-ақ % еді!

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша мамандандырылған мекемесі ЮНЕСКО-ның бастамасымен ХХ-ғасырдың 90-жылдарының аяғында Жеңіс Хан Екінші мыңжылдықта жасаған Ең ұлы адам ретінде танылды! Бір қызығы, Бірінші мыңжылдықтың Ең ұлы адамы ретінде Айса Пайғамбар танылған болатын, яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзат тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан осы екі тарихи тұлғаны бір-біріне қарайлас, теңдес деп танып отыр.

Айырмасы – Айса тек армандап қана қойса, Жеңіс Хан миллиондаған адамдарды ғасырлар бойы жасайтын бейбітшілік, әділдік, береке және ілгерілеу сияқты жалпы адами құндылықтармен іс жүзінде қамтамасыз етті!

Ал, енді өздеріңіз ойлаңыздаршы, арам пиғылды тарихшылар сипаттағандай, Жеңіс хан, шынымен де, қайдағы бір қанқұмар жендет, қатыгез билеуші болса, ондай адамды Біріккен Ұлттар Ұйымының ұжымдық интеллектуалды сарапшысы болып табылатын аталмыш мекеме ЮНЕСКО мыңжылдықтың ұлы адамы ретінде мойындап, әспеттер ма еді?! 

Жеңіс Ханның ұлылығын паш ететін тағы бір дерек бар. Адамзат тарихында абзал атын ел есінен өшіру үшін, 616 ядролық заряд жұмсалған одан басқа бірде-бір тұлға жоқ және болмайды да! Келесі тарау – сол  жайында.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы» 

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары» 

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы» 

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

РИМ. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Сербия президенті Александр Вучич...

Тоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

АСТАНА. 11 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

Пхеньяндағы шеруде алыс қашықтыққа арналған жаңа зымыран көрсетілді

Гонконг. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда...

Газа секторындағы топтар анклавты басқаруға шетелдің араласуына қарсы

Мадрид. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Палестинаның ХАМАС, «Палестина ислам...