Евразия24ЖаңалықтарHuawei әлемдегі ең қуатты AI-суперкластерді құрады

Huawei әлемдегі ең қуатты AI-суперкластерді құрады

|

|

МӘСКЕУ. 18 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Қытайлық телекоммуникация алпауыты Huawei жасанды интеллектке арналған Atlas 950 деп аталатын жаңа суперкомпьютерлік кластерді таныстырды.

Компания директорлар кеңесі төрағасының орынбасары әрі қазіргі төраға міндетін атқарушы Эрик Сюйдың айтуынша, Atlas 950 құрамында 520 мыңнан астам Huawei Ascend чипі болады және ол 2026 жылдың төртінші тоқсанында нарыққа шығарылады.

Әрбір жүйенің өнімділігі Nvidia NVL144 жүйесінен 6,7 есе жоғары болмақ. Сюйдың мәлімдеуінше, Atlas 950 барлық көрсеткіш бойынша бәсекелестерінен алда және xAI компаниясының ең ірі суперкомпьютері Colossus-тан 1,3 есе қуатты болады. Осылайша, ол әлемдегі ең мықты кластерге айналады.

Бұдан бөлек, Huawei 2027 жылдың соңында 1 млн-нан астам Ascend процессорын біріктіретін одан да қуатты Atlas 960 кластерін іске қоспақ.

Айта кетейік, Financial Times дерегінше, Қытай билігі елдің жетекші технологиялық компанияларына Nvidia-ның жасанды интеллектке арналған чиптерін сатып алуға тыйым салған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.