Евразия24Басты бетКөлік индустриясы: жаһандық бәсекенің жаңа кезеңі

Көлік индустриясы: жаһандық бәсекенің жаңа кезеңі

|

|

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі бар! Мұны ресми статистика дәлелдейді. Елде утиль алым жүйесі жұмыс істейді, ол шетелдік автоконцерндерді өз брендтерінің өндірісін Қазақстан аумағында тереңірек игеруге итермелейді.
Республика жаһандық нарықтың бір бөлігі болып отырғандықтан, әлемдік автосаладағы өзгерістер еліміздің көлік паркіне де тікелей ықпал етіп жатыр.  Алдағы уақытта нарықта автомобиль брендтері арасындағы тепе-теңдік айтарлықтай жаңаруы мүмкін.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстанның автокөлік нарығы әлемдік және өңірлік үрдістердің айнасы іспетті дамып келеді. Бір уақытта жергілікті нарықтағы үлес үшін неміс пен жапон автоконцерндері белсенді түрде бәсекеге түсті. Нәтижесінде басымдық жапон өндірушілерінің қолына өтті. Кейін бұл нарыққа оңтүстіккореялық брендтер еніп, көп ұзамай өз ықпалын күшейтті. Ал бүгінде қытайлық автоөндірушілер өз үлесін сенімді түрде ұлғайтып келеді.

Автоөнеркәсіптің құрылымында тағы бір ерекше бағыт бар – Өзбекстан автопромы. Бүгінде «Chevrolet» бренді Ташкенттегі біздің индустриялық әріптестерге тиесілі. Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығу үшін өзбек тарапы Қостанайдағы қазақстандық кәсіпорынмен кооперациялық серіктестік орнатты. Нәтижесінде америкалық-өзбек-қазақ бірлескен жобасының көліктері бүгінде жолдарда «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен жүйткіп жүр.

Қазақстандағы жеңіл көліктер нарығының көзге көрінетін бөлігі — жаңа автокөліктердің сатылымы. Яғни, салоннан тікелей сатылған көліктер. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларының аралығында 161 584 жаңа автомобиль сатылған. Алайда ел ішіндегі сату және қайта сату көлемінің басым бөлігі қолданылған көліктердің үлесіне тиеді. Сондықтан да қазақстандық автопарктің құрамы айтарлықтай алуан түрлі: мұнда тіпті Иранда құрастырылған француз брендтері де кездеседі.

Әлемдік автоөндіріс қазір қиын кезеңді бастан өткеріп отыр. Бір жағынан — іштен жану қозғалтқышы бар көліктер мен түрлі нұсқадағы гибридтер және электромобильдер арасындағы технологиялық бәсеке күшейген. Екінші жағынан — мемлекеттер мен аймақтық одақтар арасындағы сауда және тарифтік текетірестер өндіріс саласын айналып өткен жоқ. Нәтижесінде бұл үдерістер автоконцерндердің де жұмысына тікелей әсер етіп отыр.

Егер белгілі бір автокөлік бренді банкрот болудың алдында тұрса, тұтынушыға оның өнімін сатып алу тәуекелді іс болмақ. Өйткені кейіннен қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсетуде қиындықтар туындауы мүмкін.

Автоөнеркәсіптің өзіндік «қара тізіміне» енген компаниялардың қатарында – «Chrysler». Бұл брендтің сатылымы бірнеше жыл бойы үздіксіз төмендеп келеді, ал шығарылатын модельдер қатары небәрі бірнеше ескі үлгімен шектелген. Компания соңғы жылдары жаңа жобалар мен технологияларға инвестиция салуды  тоқтатқан.

Кезінде аузын аяға балаған «Jaguar» британдық бренд, бүгінде үнді компаниясының меншігінде. Соңғы жылдары оның сатылымы әлемнің барлық аймағында төмендеп барады. Электромобильдер өндірісіне көшу әрекеті де күткен нәтиже бермеді.

Alfa Romeo – бай тарихы бар итальяндық бренд, алайда соңғы бірнеше жылда жойылу қаупінің алдында тұр. Қазіргі модельдік қатары небәрі бірнеше көлікпен шектелген, ал жаңа жобалар үнемі кейінге шегерілуде. «Jaguar» сияқты, бұл да премиум санатындағы көліктер сегментіне жатады, бірақ мұнда бәсеке айрықша жоғары, ал Alfa Romeo әзірге сол қарқынға ілесе алмай отыр.

FIAT — кезінде кең ассортиментімен танылған бренд бүгінде бір-біріне ұқсас шағын көліктерді ғана шығаратын деңгейге түсті. Мұндай модельдер қазір сатып алушылардың назарын аудара алмай отыр. Нәтижесінде марка өз танымалдығы мен тартымдылығын біртіндеп жоғалтуда.

Mitsubishi компаниясының әлемдік сатылымының төмендеуіне негіз болған басты себептер – жаңа, назар аударарлық модельдердің жоқтығы мен нақты стратегияның қалыптаспауында. Бір кездері бұл бренд Қазақстанда тек танымал ғана емес, жаппай сұранысқа ие марка болған еді.

Lancia бренді бүгінде тек атауы сақталған марка десе болады – ол ресми түрде тек Италия аумағында ғана ұсынылған. Соған қарамастан, мұндай көліктерді Қазақстанда да кездестіруге болады – әрине, көбіне қолданылған күйінде. Жалпы алғанда, елімізде бағасы шегіне дейін түскен, бірақ дөңгелегі әлі айналып тұрған кез келген автокөлікті табуға болады.

Smart брендіне келсек, «шағын әрі толықтай электрлі көлік өндірушісіне не болуы мүмкін?» деп сұрарсыз. Алайда жағдай басқаша өрбіді. Соңғы жылдары шағын электркөліктерге деген қызығушылық азайып, олардың орнын көлемдірек әрі көп функциялы модельдер басты. Бұған қоса, осы сегменттің өз ішінде де бәсеке жылдан-жылға күшейіп келеді.

Infiniti – Қазақстанда бұрыннан-ақ «баға мен сапа сәйкестігі» тұрғысынан шамадан тыс қымбат бренд ретінде танылып келеді. Оған қоса, компания брендтік даралығын жоғалту сияқты маңызды мәселемен бетпе-бет тұр. Ал бұл – автоөнеркәсіп үшін өлім үкімімен тең жағдай. Қысқасы, Infiniti нарықтан біржола жоғалу қаупін бастан кешіріп отыр.

DS Automobiles, немесе қысқаша DS бренді бастапқыда немістің «үлкен үштігіне» француздардың жауабы ретінде құрылған еді. Алайда сыртқы келбеті әсерлі болғанымен, оның техникалық мазмұны күткендей деңгейде болмады. Соның салдарынан компания тіпті Еуропаның өзінде де тұрақты нарықтық позиция қалыптастыра алған жоқ. Әлемдік деңгейде бәсекеге шығу туралы айтудың өзі артық.

Lotus Cars – спорттық көліктер шығаратын британдық өндіруші, Maserati – эксклюзивті автомобильдерімен танылған итальяндық бренд, Buick – орта тапқа арналған америкалық марка, Acura – жапонның премиум санатындағы автобренді, Lincoln – АҚШ-тың люкс-классындағы атақты маркасы, ал Genesis – Оңтүстік Кореяның жоғары деңгейлі автокомпаниясы. Алайда бүгінде олардың барлығы да нарықта тұрақсыз жағдайда тұр. Өткендегі даңқты атақтары мен беделдері де қазіргі күрделі бәсекеден аман сақтап қала алмай отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында тіпті Saab маркалы көліктерді де кездестіруге болады. Бұл швед автокомпаниясы 2016 жылы банкротқа ұшырап, зауыттары жабылған еді. Соған қарамастан, көлік иелері әлі күнге дейін оған қажетті қосалқы бөлшектерді бір жерлерден тауып жүр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Плакат ұстаған Гүлнар

Бұл жолы Гүлнар Бажкенова «Kaspi bank»-пен ашық айқасқа шықты. Қолында граната емес, банктің фирмалық түсімен безендірілген екі плакаты бар. Бір плакатта Kaspi.kz логотипінің астына «мемлекеттік дерекқордағы азаматтардың жеке мәліметтерімен жасалатын алаяқтық» туралы жазылса, екіншісінде «қажетсіз деп танылған адамдардың әлеуметтік желідегі парақшалары небәрі бес минутта бұзылады» деген мәтінді көруге болады. Екі плакаттың да төменгі жағына «Жазасыз!» деп жазылыпты.  Жалғыз адамдық пикет – әдетте шарасыз күйге түскен жалғызбасты аналардың, баспанасынан айырылғандардың немесе бұған дейін қоғам назарына ілікпеген, бірақ қиын жағдайға тап болған өзге де адамдардың амалы. Яғни бұл – өз мұңын естіртудің басқа жолы қалмағандардың соңғы мүмкіндігі. Ең болмағанда, телекамера мен әлеуметтік желілерге тезірек ілігуді мақсат еткен жаңадан шыққан белсенділерге жарайды.

Еуразия қауіпсіздігі мен жаңа геосаяси тәртіп

Алматыда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында былай деп хабарлады: «Сергей Бурутин жиналғандарды ТМД Атқарушы комитетінің және Достастықтың Бас хатшысы Сергей Лебедевтің атынан құттықтады. Аппарат басшысы өз сөзінде халықаралық қауіпсіздік архитектурасы түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Бұл үрдіс қазір ерекше айқын көрніс тапқан.

Ұлыбритания полициясы пойыздағы пышақпен жасалған шабуылды теракт ретінде қарастырмайды

Лондон. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Англияда пойыз жолаушыларына жасалған...

Үндістан әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды

Дели. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Үндістан Жер серігі орбитасына...