Евразия24Басты бетКремль «Трамп жақтасымыз» деген иллюзиядан арылуда

Кремль «Трамп жақтасымыз» деген иллюзиядан арылуда

|

|

 Ресейдің саяси басшылығы біраз уақыт бойы «Трамп -жақтасымыз» (немесе өзіміздің адам) деген көзқарасты ұстанды. Мәскеу АҚШ-тың 47-президентімен стратегиялық маңызы бар мәселелер бойынша нақты келісімге қол жеткізуге болады деп санады. Алайда бұл ұстанымның негізсіз екені тәжірибе жүзінде белгілі болған соң, Кремльдің саяси бағыты 2024 жылғы бұрынғы бағыт-бағдарына қайта түсті. Қазақстан үшін Ресейдің бұл тәжірибесі маңызды, өйткені Астанаға дәл осы жолды қайта бастан кешіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ — қалыптасқан жағдайдың мәні қазірдің өзінде түсінікті.

«Трамп біздің адам» деген көзқарастан бас тартудың айқын көрінісі Ресейдің Одессаға жасаған зымырандық-дрондық соққыларынан байқалады. Бір жағынан, бұл Қара және Жерорта теңіздерінде Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерлерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде қарастырылады.

Екінші жағынан, аталған әрекеттер украин қоғамындағы қоғамдық пікірді соғысты қолдаудан бейбітшілікті қолдау бағытына қайта бағдарлауға бағытталған қадам ретінде бағаланады.
Техникалық тұрғыдан алғанда, Кремль Одессаға ауқымды соққылар жасауға 2024 жылдың күзіне қарай-ақ дайын болған. Алайда Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жететіні белгілі болған соң, ауыр соққылардан бас тарту жөнінде шешім қабылданды. Мәскеу Ақ үйге қайта оралған жаңа-ескі басшының сайлауалды мәлімдемелеріне сенім артты. Сол мәлімдемелеріне сүйенсек , Украина президент Трамп үшін басым бағыттардың қатарына кірмейді деген түсінік қалыптасты, соның нәтижесінде «Незалежная» мәселесін шығынсыз шешуге үміт пайда болды.
Кейіннен саясатта жиі кездесетін қалыпты жағдай болды: билікке дейінгі уәделер мен мәлімдемелер нақты өкілеттікке ие болғаннан кейін түбегейлі өзгеруі мүмкін екені тағы да расталды. Сонымен қатар тағы бір маңызды жайт бар. Сыртқы күштердің ықпалында болған Владимир Зеленский АҚШ пен Еуропа арасындағы қайшылықтардың салдарынан дербес саяси субъект мәртебесіне ие болып, осы мүмкіндікті барынша пайдалана бастады.
Қалыпты жағдайда Киев басшысы АҚШ президентімен салыстырғанда дербес саяси салмағы бар тұлға болып саналмайды. Алайда ұжымдық Батыс пен Ресей арасындағы соғыс жағдайында Украина басшысының белгілі бір дәрежеде әрекет ету еркіндігі пайда болды, және ол осы мүмкіндікті белсенді түрде іске асырып отыр.
Анкориджден кейін Кремльге жақын топтар Дональд Трамптың келісілген міндеттемелерін орындайтынын сабырмен күткен болатын. Алайда АҚШ-тың 47-президенті мұндай қадамдарға баруға қауқарсыз болып шықты. Түптеп келгенде, Трамп тіпті MAGA қозғалысының («Американы қайтадан ұлы державаға айналдырайық») өзегін құрайтын негізгі электораттың өзін де көңілінен шығара алмады. Осы тұрғыдан алғанда, Ресеймен келіссөздерде одан сенімділік пен дәйектілік күту аңғалдық еді.

Одессаға және Румынияға апаратын көпірлерге жасалған соққылар — «Трамп бізге жақтас емес» деген ұстанымға көшудің айқын көрінісі. Қыс мезгілінде қала тұрғындары электр қуаты мен жылудан айрылып отыр, ал Украина теңіз тасымалдарын, жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізілімдерін пайдалану мүмкіндігінен шектелуде. Мысалы, дизель отыны еркін қолжетімді болмаған жағдайда, соляркамен жұмыс істейтін генераторлар да іс жүзінде пайдасыз күйге түседі.

Ресей әскері үшін Дунай бойындағы порттарға соққы беру дәстүрлі нысана саналғанымен, зымырандық-дрондық шабуылдан кейін Ровно қаласында электр қуатының толық өшуі және Киевтегі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының істен шығарылуы жаңа сипаттағы әрекеттерге жатады. Осылайша, Киев тұрғындары да соғыстың жалғасуы Одессадағыдай қиындықтарға әкелетінін аңғара бастады.
Қысқаша айтқанда, Кремль Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу мәселесінде Трамппен келісімге келу мүмкін еместігін түсінді және жағдайды әскери тәсілдер арқылы шешуге көшті. Украинаның ішкі аумақтарына жасалып жатқан соққылар елдің қарсылық көрсету мүмкіндігін әлсіретуге бағытталған жалпы бағыттың бір бөлігі.
Әлем картасының өзге өңірлеріне назар аударсақ, Мәскеу «анкоридждік алшақтаудан» кейін Иранмен тығыз ынтымақтастыққа қайта оралды. Ресей Венесуэлаға дипломатиялық деңгейде қолдау көрсетіп отыр, ал Қытаймен арадағы әріптестік барған сайын нығая түсуде.

Кремль Трампқа деген сенімініі кесірінен бір жылын жоғалтты, кейін олардың негізсіз екенін түсініп, шынайы ахуалға қайта оралды. Уақыт зая кетті, бірақ бұл түзетуге болатын қате. Қазақстан үшін АҚШ бағыты бойынша жағдайды алдын ала бағалау маңызды, өйткені уақыт — стратегиялық ресурс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Конституция және қоғамдық келісім: қағаз жүзіндегі өзгеріс пе, әлде жүйелі жаңару ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен бесінші Құрылтайда конституциялық реформаларға қатысты жаңа бастамалар топтамасын ұсынды. Негізінен бұл — билік институттары арасындағы жаңа конституциялық тепе-теңдікті айқындауға бағытталған кезекті талпыныс. Ең бастысы, Конституцияны тек құқықтық нормалар мен баптардан тұратын құжат ретінде қабылдауға болмайды. Ол бір ғана түбегейлі сұраққа жауап береді: елде шешімдерді кім қабылдайды және сол шешімдерді кім шектей алады.

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.