Ағымдағы жылдың қазан айының басына дейін Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы (СПбМТСБ) алаңында физикалық алтынмен сауда-саттық басталуы тиіс. Жоспарға сәйкес, бұл алтын биржасы 2025 жылғы 1 қаңтарда іске қосылған Гонконг алтын биржасымен өзара іс-қимыл арқылы ұжымдық Батыстың алтын инфрақұрылымынан тәуелсіз бағалы металл бағасын қалыптастыру тетігін құруы тиіс. Осыдан кейін Қазақстанда өндірілетін алтынмен сауда жасау шарттары да айтарлықтай өзгермек.
Ресейде өз алтын биржасын құру қажеттігі туралы әңгіме бұрыннан айтылып келеді. Өйткені әлемдегі ең ірі алтын өндіруші елдердің қатарында екінші не үшінші орынды иеленетін мемлекет ретінде бұл стратегиялық тауардың бағасын қалыптастыруға белсенді ықпал ету — оның мәртебесіне сай келетін іс. Сонымен қатар, алтын — жай ғана тауар емес, ол өзінің абсолютті түріндегі ақша қызметін де атқарады.
2013 жылдың қазан айынан бастап Мәскеу биржасында «Валюта және қымбат металдар нарығы» деп аталатын бөлім іске қосылды. Онда ресейлік қатысушылар физикалық алтынды сатып алып, сата алады, алайда бұл сауда салыстырмалы түрде шағын көлемде жүргізіліп келеді.
2022 жылғы 24 ақпанда Арнайы әскери операция (АӘО) басталғаннан кейін, ұжымдық Батыс Ресей Федерациясына қатысты «алтын санкцияларын» енгізді. Бұл санкциялар Мәскеудің Қымбат металдар нарығының Лондон қауымдастығынан (ағылш. London Bullion Market Association, LBMA) шеттетілуінен көрініс тапты. Аталған қауымдастық – жаһандық қымбат металдар нарығына (алтын, күміс, платина және палладий) қатысушы компаниялар, банктер мен ұйымдардың халықаралық бірлестігі болып табылады.
Сонымен қатар, Ресейдің алтыны үшін Нью-Йорк тауар биржасына(NYMEX) жол жабылды. Бұл алаң Лондондағы Қымбат металдар нарығы қауымдастығымен (LBMA) бірге Менделеев кестесіндегі 79-элемент – алтынмен жаһандық сауданың негізгі көлемін жүзеге асырып келген.
2022 жылы ресейлік аффинаж зауыттарының LBMA сертификаттары қайтарылып алынған соң, бірқатар басылымдар Кремль Мәскеу халықаралық қымбат металдар биржасын құрады деген ақпарат таратты. Жаңа алаң алтын бағасын дербес айқындайды деген болжамдар айтылды. Алайда бұл әңгімелер көп ұзамай тыйылып, бастамалар жүзеге аспай қалды.
2025 жылдың тамызында не өзгерді? – Ең алдымен, Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас деңгейі артты. 115 жыл жұмыс істеген Қытайдың алтын және күміс биржасының құқықтық мұрагері болып табылатын Гонконг алтын биржасының іске қосылуы – Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасының алтын сауда алаңы үшін табысқа жетудің негізі саналады. Бұл екі алаңның ынтымақтастығы – жаһандық алтын нарығындағы жаңа баға қалыптастыру механизмін құруға мүмкіндік беретін маңызды фактор.
2024 жылы Қытай Халық Республикасы 380,2 тонна алтын өндірсе, Ресей шамамен 330 тонна өндірген. Бұл көрсеткіштер бойынша Қытай мен Ресей әлемдегі жетекші өндірушілер қатарында. Одан кейінгі орындарды ұжымдық Батыс елдері иеленіп отыр: Австралия – 284 тонна, Канада – 202,1 тонна, ал АҚШ – 158 тонна өндірген. Осылайша, Шығыс пен Батыстың жиынтық өндірістік әлеуеті шамамен тең дәрежеде орналасқан.
Одан кейінгі қатарда Гана, Мексика, Индонезия және Перу сынды ірі өндіруші елдер орналасқан, олардың әрқайсысы шамамен 140 тонна көлемінде алтын өндіріп отыр. Қазіргі таңда бұл мемлекеттер мен олардың алтын өндіруші компаниялары ұжымдық Батыс бекіткен ережелермен жұмыс істеуге мәжбүр. Алайда, Қытай жетекшілік ететін дербес инфрақұрылым қалыптасқан жағдайда, аталған елдер мен нарықтағы өзге де қатысушылар қандай геоэкономикалық лагерьді таңдайтыны әзірге белгісіз.
2023 жылы өндірілген 87 тонна алтынмен (Дүниежүзілік алтын кеңесінің – WGC деректеріне сәйкес) Қазақстан халықаралық аренада өзін салмақты ойыншы ретінде көрсетіп отыр. Сондықтан Астананың алдағы уақытта қайтараппен – толыққанды немесе үлестік форматта – ынтымақтық орнатуы стратегиялық маңызға ие мәселелердің бірі болмақ.
Бүгінде мұнай мен үлкен саясаттың өзара тығыз байланыста екеніне бәрі үйреніп кеткен. Алайда бұл үрдіс алтынға да тән: аталған бағалы металл да саяси-экономикалық тетіктермен берік байланысқан. Тек физикалы қалтынның қозғалысы жұртшылықтың назарынан тыс қалатындай етіп ұйымдастырылады – қоғамның назары акциялар, облигациялар, крипто валюталар және өзге де сенімсіз активтерге ауыстырылады.
Ашық дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы (СПбМТСБ) мемлекеттік «Гознак» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылдың үшінші тоқсанында жұмысынбастауы тиіс. Яғни, бұл үдеріс іс жүзінде жақын күндері іске асырылуы керек(4-тоқсан 1 қазанда басталады). Алайда мұндай істерде белгіленгенмерзімдердің кейінге шегерілуі жиі кездеседі. Сонымен қатар, бұл бастама, ең аз дегенде, БРИКС аясында сауда жүргізуді көздейді. Бұл өз кезегіндефизикалық алтынмен операциялар үшін толыққанды заңнамалық, техникалық және технологиялық инфрақұрылымды талап етеді.
Сауда «бір лот – бір құйма» қағидасы бойынша спот режимінде жүргізіледі(яғни, мәміле жасалғаннан кейін тараптар бірден есеп айырысып, тауар дереужеткізіледі). Алғашқы кезеңде 1 кг-дық өлшенген құймалар мен салмағы 12 кг болатын банктік құймалар саудаға түседі.
Метал бойынша есеп айырысу мен жеткізуді ұйымдастыру үшін биржа РесейБанкі жанындағы тауар жеткізу операторлары мәртебесін алу мақсатындааккредитациядан өтіп жатқан Жеткізу және сақтау орталығын тартады.
Алғашқы кезеңде «Алтын биржасы» заңды тұлғаларға қызмет көрсетпек. Алдағы уақыттағы дамуына қарай бұл тізім кеңейтілуі мүмкін.
Ресейлік алтын саудагерлерінің Қытаймен әріптестігі маңызды, өйткені ҚХР билігі Гонконгте офшорлық алтын қоймасын ашты. Бұл енді Қытайдың саудасеріктестеріне артық юань қорын АҚШ долларын айналып өтіп, тікелейалтынға айырбастауға мүмкіндік береді. Бұл – алтын стандартының жаңаэволюциялық кезеңде қайта жандануына жасалған алғашқы қадам деугеболады, жай ишара ғана емес.