Евразия24Басты бетСтаровойттың өлімі: Кремльдің үнсіз ескертуі ме?

Старовойттың өлімі: Кремльдің үнсіз ескертуі ме?

|

|

Рубрика: Ресейдің федералдық мемлекеттік қызметіндегі ең жоғары шен – 1-дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі (федералдық мемлекеттік қызметтің ең жоғары шен дәрежесі)  Роман Старовойттың қазасы «өз-өзіне қол жұмсау» ретінде тіркелгенімен, бұл оқиға елдің басқару мәдениетінде Византиялық дәстүрлердің әлі де терең тамыр жайғанын көрсетті. Бұл жағдайдан өтірік ақпарат, құжаттарды қолдан жасау және жемқорлықтың түбі Старовойттың өліміндей аяқталуы мүмкін екенін көруге болады. Енді облыс басшылары мен министрлер өз әрекеттерін бағамдап, сол өлшеммен салыстыруға мәжбүр: олардың қателіктері қаншалықты өлімге апаратын деңгейге жақын?

Роман Старовойттың ар-ұждан азабына шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенуге болады, бірақ бұның ықтималдығы Ресейдің мұнай-газ саласындағы топ-менеджерлеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Олар Подмосковьедегі зәулім үйлерінде тұрып жатса да, өз-өзіне қол жұмсау үшін көбіне Мәскеудегі элиталық көп қабатты тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлеріне арнайы барып, сол жерде асылып не терезеден секіреді.

2025 жылғы 7 шілдеде президент Владимир Путиннің жарлығымен Роман Старовойт көлік министрі қызметінен босатылды. Жарлықта қызметтен кету себебі көрсетілмеген. Бұл туралы Көлік министрлігінде кеңес өткізіп жатқанкезінде білді.
Сол күні Мәскеу облысы, Одинцово қалалық округінде орналасқан Малевич саябағында Роман Старовойттың мәйіті табылды. Ол марапатқа берілгенGlock 26 тапаншасымен өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнынан қоштасу хаты да табылды.
Оқиға желісінде Glock 26 тапаншасының орны ерекше. БұлАвстрияда өндірілетін, шағын әрі ықшам санаттағы атыс қаруы. 2008 бен 2012 жылдар аралығында Мәскеу осы үлгідегі тапаншаларды арнайы қызмет өкілдері үшін ресми түрде сатып алған болатын. Ал 2015 жылдың 20 қаңтарынан бастап Glock 26 Ресей Федерациясында мемлекеттік марапат ретінде берілетін қару түрлерінің тізіміне енгізілді.

Роман Старовойт дәл осы тапаншаны 2023 жылғы 18 қазанда алған. Қару Курск облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Виктор Косарев арқылы сол кездегі Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцевтің атынан табысталған. Ресми негіздеме — «қызметтік міндеттерді орындауға көрсеткен жәрдемі үшін«. Сол кезеңде Старовойт 2019 жылдың қыркүйегінен бері Курск облысының губернаторы қызметін атқарып жүрген. Ол бұл лауазымға «Единая Россия» партиясының атынан келген.

2024 жылғы 6 тамызда Украина Қарулы күштері Курск облысына басып кірген кезде, шекара маңындағы қорғаныс құрылыстарына бөлінген қаражаттың түгелге жуық ұрланғаны белгілі болды.

Тұрғындар дрондардың белсенділігі мен әскердің шоғырлануын байқап, жергілікті билікке хабарласқан. Алайда шенеуніктер «бәрі қалыпты, үйлеріңізде болыңыздар» деп жауап берген. 2025 жылғы 26 сәуірде Украина күштері облыс аумағынан шығарылғанда, бірқатар елді мекенде тірі жан қалмаған. Бұл үшін де жауаптылар болуы тиіс.

Старовойт көлік министрлігін басқарған кезеңінде де елеулі нәтиже көрсете алған жоқ. 2025 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі аралықтағы ресми деректерге сүйенсек, ел ішіндегі контейнерлік тасымал көлемі 3–5 пайызға төмендеген, ал Қиыр Шығыс өңірінде бұл көрсеткіш 7 пайызға дейін жеткен.

Ресейде өлім жазасы тыйым салынған. Бірақ «өз-өзіне қол жұмсау» жағдайлары заңды тұрғыдан нақты реттелмеген. Кремль бұл арқылы жоғары лауазымды шенеуніктерге: кәсіби жұмыс істеңдер, ресурсты асыра пайдаланбаңдар, жоғарыға жалған ақпарат бермеңдер деген ескерту жасап отыр.

«Жоғарыға баяндау» тәсілі тұрғысынан алғанда, бұлбасқару жүйесіндегі елеулі бетбұрыс деуге болады. Арнайы әскери операцияға дейінгі жылдары есеп беру қағидасы «басшылықтың мазасын алмау» ұстанымына негізделген еді. Енді Кремль шынайылық пен объективтілік талап етіп отыр. Жақын уақытта бұл талапқа 1-дәрежелі мемлекеттік кеңесшіден жоғары тұрған шенеуніктердің өздері қаншалықты дайын екенін көретін боламыз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.