Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Үндістан 10 жылға арналған қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды

АҚШ пен Үндістан 10 жылға арналған қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды

|

|

Вашингтон, 31 қазан. ИНТЕРФАКС. АҚШ пен Үндістан қорғаныс саласындағы 10 жылдық әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл құжат Индо–Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлімдеді.

«Мен Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингхпен кездесіп, он жылға арналған америкалық–үндістандық негіздемелік келісімге қол қойдым. Бұл құжат біздің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтереді. Ол аймақтағы тұрақтылық пен сес қайтару тетіктерінің негізі болмақ», – деп жазды Хегсет X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, тараптар ақпарат алмасуды және қорғаныстық технологиялар саласындағы бірлескен жұмыс бағыттарын кеңейтуге уағдаласқан.

АҚШ қорғаныс министрі осы аптада Индо–Тынық мұхиты елдеріне сапармен барып жатыр. Жоспарға сәйкес ол Жапония, Малайзия, Вьетнам және Оңтүстік Кореяда болады. Бұған дейін ол ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюньмен кездесу өткізіп, Қытайдың өңірдегі әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, АҚШ-тың аймақтағы мүдделерін қорғауға әзір екенін жеткізген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытайдағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристік сұраныс тұрақты

Биыл жазда Қытай аумағында болған бірнеше тайфун туристердің турлардан бас тартуына немесе сұраныстың төмендеуіне әсер еткен жоқ.

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Жапон биржасы жумыс демалыста жұмыс істеген жоқ .

ЕО газ қоймаларындағы қор бес жылдық орташа деңгейден төмен

Еуропаның жерасты газ қоймаларындағы қор 9 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 59,12%-ға дейін өсті.

Доллар негізгі валюталарға қатысты тұрақты, нарық статистикалық деректерді күтуде

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуроға, иенаға және фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.