15 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектенов өзінің алғашқы баспасөз мәслихатында журналистерге Қазақстанның алдағы жылдары ішкі жалпы өнім көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Алға қойған жоспар ауқымды, орындалуы әбден мүмкін. Былтыр ЖІӨ көлемі $286 млрд-ты құрады. Биыл экономикалық өсім қарқынын ескере отырып, $300 млрд шегінен асамыз деп болжап отырмыз. Ал алдағы жылдары осындай серпінді өсімді сақтай алсақ, $450 млрд межесіне жету – әбден мүмкін. Осы мақсатта елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, экономиканы әртараптандыру, жоғары бөліністегі өндірістерді дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл елімізде қосымша құн мен валюталық түсімнің көбірек қалуын қамтамасыз етеді», — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, 2029 жылға дейін іске қосылатын жаңа өндірісті қамтитын 17 ірі жобаның жүзеге аса бастағанын атап өтті.
Аталған 17 мегажоба алғаш рет Үкімет тарапынан 2024 жылдың 28 тамызында жарияланған. Жалпы инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асып, 26 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл — тікелейҮкімет бастамасы емес, Президенттің Жолдауын іске асыру аясындағы нақтышаралардың бірі ретінде қарастырылған.
Қазақстан үкіметі мәлімдеген 17 ірі өнеркәсіптік жобаның нақты тізімі 2024 жылдың қараша айына дейін көпшілік назарына ұсынылмаған. Осыған байланысты сарапшылар бұл жобалар бойынша нақты қандай өндірістердің іске қосылатынын болжап қана келген еді. Экономист Сергей Домнин «Курсив» басылымында үкіметтің қандай бағыттарға басымдық бергені туралы болжам жасаған болатын және бұл болжамы расталды.
Қазақстанда бұған дейінгі жылдары индустрияландыру бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарламаның толыққанды жүзеге аспағанын ескерсек, сарапшылар үкіметтің жоспарларына күмәнмен қарауда. Себебі бұл жобалардың бір бөлігі жеңілдікті шарттармен даму институттары арқылы қаржыландырылады деп жоспарлануда. Ал 2022 жылдың наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Даму банкін (ҚДБ) сынға алып, оның жұмысының ашық еместігін атап өткен.
Президент өз сөзінде: «Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігіне қатысты орынды сауалдар көп. Қалыптасқан жүйе ірі құрылымдарға қызмет көрсетуге бағытталған, онда «танысымызға – бәрі болады, өзгелерге – заң бойынша» принципі орын алған. Іс жүзінде мұндай жүйе экономикадағы олигополияны күшейтеді. Ірі кәсіпорындар ерекше жеңілдіктерге ие болып, бәсекелестікті төмендетіп, реформаларды жүзеге асыруға кедергі келтіруде. Мысалы, Қазақстанның Даму банкі қаржы-өнеркәсіптік және құрылыс топтарының жеке банкіне айналды. Біз бұладамдарды аты-жөнімен білеміз. Олар жоғары кабинеттерге кіру мүмкіндігін пайдаланып, өз жобаларына артықшылықты шарттармен қол жеткізеді. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталуы тиіс ресурстары осындай жобаларға жұмсалуда», – деген еді.
Президент Жолдауындағы тапсырмалар аясында жарияланған 17 ірі индустриялық жобаның іске асырылуына қатысты қоғамда үлкен үміт пен сын қатар өрбіді. Үкімет үшін бұл жолы қателесуге құқық болмағаны анық — Мемлекет басшысы 2022 жылы мемлекеттік даму институттарының жұмысына қатаң сын айтқаннан кейін, жобаларды таңдау мен іске асыруда ерекше сақтық қажет болды. Іс жүзінде не орындалды?
Құны 90 млрд теңге болатын және жылына 70 мың автокөлікке өндіретін KIA автозауытын Қостанайда 2026 жылы іске қосу көзделген. Іс жүзінде бұл жоба уақытынан 2025 жылы 18 шілдеде зауыт вице-президент Джон Джунчхоль бастаған Kia Corporation делегациясының қатысуымен тексеруден өтіп, алғашқы өнімді шығаруға толық дайын екені хабарланды.
Changan, Chery және Haval маркаларын шығаратын Astana Motors мультибрендтік зауыты бастапқыда 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады делінген. Жобаның жалпы құны 400 млн АҚШ долларынан асады, өндірістік қуаты — жылына 90 мың автокөлік. Алайда, кейіннен зауыттың іске қосылуы екінші тоқсанға шегерілгені белгілі болды. Бұл – жоспардан сәл кешіккенмен, жобаның жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.
1 трлн теңге көлеміндегі инвестиция қарастырылған «Астана-туризм» көп функционалды кешені бастапқыда 2022 жылы ашылады деп жоспарланған. Жоба аясында 205 бөлмелі Ellington қонақүйі, көп залды кинотеатр, 150 мың шаршы метрлік сауда-ойын-сауық орталығы, аквапарк, бизнес-орталық және өзге инфрақұрылымдар салынуы тиіс еді. Алайда пандемия мен оның салдарына байланысты құрылыс жұмыстары кешігіп, жобаның аяқталу мерзімі 2027 жылға шегерілді.
Батыс Қазақстан облысындағы Сатымола кен орнында калий тұздарын өндіретін өндірістік кешеннің құрылысы 1,1 трлн теңге көлеміндегі инвестициямен жүзеге асады. Жобаның іске қосылуы бірнеше кезеңге бөлінген: алғашқы өндіріс 2027 жылы, кейінгі кезеңдер 2030 және 2035 жылдары іске қосылады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, бекітілген. Сонымен қатар, инвесторлар өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау, газбен қамту, газ құбыры мен электр желілерін тартуды да өз мойнына алған.
2025 жылдың 31 наурызында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия техно паркі» арнайы экономикалық аймағында «Силлено» полиэтилен зауытының алғашқы қадалары қағылды. Бұл да Үкіметтің негізгі жобаларының бірі. Құны 7 млрд теңгеден асатын жоба толық іске қосылғанда 8 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынады. Зауыттың өндірісі 2029 жылдан басталмақ.
Қостанай облысы, Рудный қаласында ERG тобының бастамасымен салынатын ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары басталуға жақын. Құжаттамалық жұмыстар толық аяқталды.
ERG директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың «Казправда» басылымына берген сұхбатында былай деді: «Бұл стратегиялық маңызы жоғары жоба өңірдегі қара металлургияны дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, 592 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуға, 1 100 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жылына 2 миллион тонна ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) өндіру жоспарланып отыр. Мұндай өндіріс шикізатты тереңірек өңдеуге және өнімнің қосылған құнын арттыруға жол ашады».
Костанай облысында 50 млрд теңге инвестициямен салынатын бидайды терең өңдеу зауыты 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың мәлімдеуінше, «Qostanay Grain Industry» жобасының құрылысы 2025 жылы басталады.
Qarmet компаниясы 2027 жылы жалпы құны 700 млн АҚШ долларына бағаланған ірі металлургиялық жобалардың бірі – жаңа құю-прокат кешенінің құрылысын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба премиум санаттағы болат өндіруге бағытталған және Қазақстанның металлургия саласындағы әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
30 сәуірде Railways Systems KZ компаниясының басқарма төрағасы Сергей Павлингер Экибастұз қаласында екі металлургиялық зауыттың құрылысын ресми түрде бастады. Оның бірі 2026 жылы, екіншісі 2028 жылы іске қосылады.
Сергей Павлингердің айтуынша, жылына 1 млн тонна өнім өндіретін болашақ сталеплавильді кешенге 495 млрд теңге инвестиция салынады. Оның 20%-ын жекеменшік инвестор өзі қаржыландырса, қалған 80%-ын Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры қамтамасыз етеді. Павлингердің бағалауынша, компанияның барлық жобаларына бағытталатын инвестиция көлемі 700 млрд теңгені құрайды. Бұл кешен теміржол холдингі тарихындағы ең ірі жоба болмақ. Өндірілетін өнімнің 50%-ы экспортқа бағытталады. Бұл туралы «Курсив» басылымы 30 сәуірде зауыт құрылысының басталу салтанатынан хабарлады. Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов пен Индустрия және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспайұлы қатысты.
2025 жылдың наурыз айының соңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 7 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестициямен полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысын бастағанын хабарлады. Құны 7 млрд долларды құрайтын полиэтилен өндіру зауыты 2029 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына шамамен 8 мың адам тартылады, ал зауыт іске қосылғаннан кейін кемінде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба бойынша 20-дан астам полиэтилен маркасын шығару көзделген.
Маңғыстаудан екі ауқымды жоба – аммиак пен карбамид өндіретін зауыт (487 млрд теңге) және Fairmont қонақ үй кешені мен жылы жағажайдан тұратын туризм кластері (317 млрд теңге) индустрияландыру тізіміне енгізілді. Бұлжобалардың практикалық жүзеге асу деңгейі қандай?
2025 жылғы маусымда «Қытай – Орталық Азия» форумында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың CNPC корпорациясы арасында аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысына қатысты өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастық туралы шекті келісімге қол қойылды. Жобаның аяқталу мерзімі – 2029 жыл.
«Бұл — азот мөлшері 46 пайызды құрайтын, әлемдік озық стандарттарға сайкелетін алғашқы отандық карбамид зауыты болады. Кешен Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында орналасып, жылына 800 мың тоннаға дейін карбамид өндіреді. Жалпы инвестиция көлемі 1,25 млрд АҚШ долларына бағалануда», — деп хабарлады ҚМГ.
Ал «Жылы жағажайға» келсек, 2022 жылдың жазында сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің қолдауына сәйкес Ақтау қаласындағы Жылы жағажайды инфрақұрылымдықдамыту жобаларының екінші кезеңі жалғасуда. Курорттық аймақты дамыту аясында төрт ірі инвестициялық жоба және жергілікті инвесторлардың екі жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде 102 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады», — деген еді. Алайда жоспарланғандай бола қоймады.
2025 жылдың мамырында «Каспий» ӘКК, Pine Hills Group туристік девелопері және «Жәрдем Ақтау» ЖШС арасында Ақтау қаласындағы«Жылы жағажай» курорттық аймағында экокурорт салу жобасы бойынша үшжақты меморандумға қол қойылғаны хабарланды. Каспий теңізінің жағасында болашақ курорт орны саналатын алаңда жалғызбульдозердің бейнесі жарияланды. 2022–2025 жылдар аралығында бұл аумақта қандай жұмыс жүргізілгені туралы нақты ақпарат жоқ.
Үкімет тізіміндегі көптен күткен жобалардың бірі – Түркістан облысындағы«Каскасу» туристік-рекреациялық орталығы да іске аспай отыр. «Туркестан» ӘКК ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жобаның жалпықұны 29,2 млрд теңге деп көрсетілген және ол 2021–2023 жылдары жүзеге асырылуы тиіс болған. Алайда құрылыс алаңынан әзірге нақты жаңалық жоқ. Үкімет кейін жобаны қайта іске қосуды тапсырғанымен, екінші мүмкіндік те нақты нәтиже бере қойған жоқ.
Ал мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары үкімет белгілеген индустрияландыру бағдарламасындағы бір тұтас мегажоба ретінде көрсетілген. 2025 жылғы сәуірде «ҚазМұнайГаз» басшылығымен және еліміздегі төрт ірі МӨЗ өкілдерімен өткен жиында энергетика министрі Ерлан Аккенженов жаңғырту қарқынын жеделдетуді тапсырған. Келесі айда-ақ мұнай өңдеу көлемінің артқаны жөнінде ақпарат тарады. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр, ешқандай кідіріс немесе саботаж байқалмайды.
Жалпы, 17 ірі жобаның қазіргі жай-күйіне шолу жасағанда, тек екеуінің – Қостанай мен Алматы облысындағы автозауыттардың – 2025 жылынақты нәтиже бере бастауы мүмкін. Ал қалған жобалар әлі де бастапқы сатыда. Сарапшылардың пікірінше, тиісті мемлекеттік бақылау болмаған жағдайда, олардың жүзеге асырылуы қайта-қайта кейінге шегерілуі ықтимал.