Евразия24Басты бетТаяу Шығыстағы жаңа геосаяси шындық

Таяу Шығыстағы жаңа геосаяси шындық

|

|

Трамптың Таяу 13 қазанда Шығысқа жасаған сапарының ең назар аударарлық тұсы,  оның Кнессеттегі сөз сөйлеуі мен Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы бейбіт саммитке қатысуы емес, оның сыртқы саясаттағы ықпалы қандай екенін әлемге ашық мәлімдегендей болды. 

Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Мириам Адельсонды ерекше атап өтіп, оның марқұм күйеуінің қаржылай көмегі Голан жоталарын Израильдің бөлігі ретінде мойындауына қалай әсер еткенін баяндады. Ол сондай-ақ Мириам Адельсоннан: «Сіз қай елді жақсы көресіз – Израильді ме, әлде Американы ма?» – деп сұрағанын айтып берді. Адельсон бұл сұраққа нақты жауап бермеген. «Бұл, бәлкім, Израиль дегенді білдіруі мүмкін», – деп түйіндеді Трамп.

Сонымен қатар Трамп Израильге ықылас танытқан еврей донорлары Америка Құрама Штаттарының Таяу Шығысқа қатысты сыртқы саясатына шамадан тыс ықпал еткенін атап өтті.

Көпшілікке бұл жүйенің дәл осылай жұмыс істейтіні бұрыннан белгілі. Алайда ол үнсіздік пен құпиялыққа негізделген. Дональд Трамп, саналы немесе санасыз түрде, осы қалыптасқан тәртіпке нүкте қойды. Ол сондай-ақ сунниттік жихадшыларды Америкаға қарсы күш емес, сыртқы саясаттың құралы ретінде пайдаланылатыны туралы көзқарасты жоққа шығарды. Сол секілді, Биньямин Нетаньяху да Израильге еркін әрекет етуге мүмкіндік берсе, елдің өз шекарасын кеңейту үшін бүкіл Таяу Шығысты тұрақсыздыққа ұрындыруға дайын екенін айқын көрсетті.

2025 жылы 13 қазан – бұл күн АҚШ пен Израильдің сыртқы саясаты бар маскасын сыпырып, әлемге жалаң күйінде көрінген сәт болды. Құндылықтар, ережелер немесе тіпті Америка мүддесі деген ұғымдардың барлығы күл-талқан болды. Осыдан бастап өңірдегі кез келген оқиғаны жүйенің күйреуі деп бағалау қажет.

Шын мәнінде, Трамп дипломатиясының ерекше тұстарының бірі – ол мұсылман әлемінің мүдделерін Израильдің мүдделерінен жоғары қойғанын айқын нәрсе ретінде көрсетуге тырысады. Алайда Трамп Еуропа көшбасшыларын небәрі жиырма минутта Мысырға жеткізгенін мақтанышпен айтып, осы ретте Киир Стармерді кемсітуге де тырысқан кезде, араб және мұсылман елдерінің басшылары: «АҚШ әкімшілігінің бұл көңіл бөлуі қанша уақытқа созылады?», «Америкалық жүйе күйресе не болады?» деген орынды сауалдарды өздеріне қойғаны анық.

Бұл екі сауал – Трамп әкімшілігінің Нетаньяху мен ХАМАС арасындағы бітім режимі неге тұрақсыз екенінің басты себебі. Араб және мұсылман елдерінің пікірінше, Израиль Таяу Шығыстағы ең агрессивті, тұрақсыз әрі деструктивті күш ретінде танылып отыр. Себебі бұл ел бұрын ХАМАС-пен күресуде Қатардың көмегіне жүгінсе, кейін Дохаға әуе шабуылдарын жасаған. Сириядағы негізгі қарсыласы – Башар Асадтың билігі әлсірегеннен кейін де бұл елге әскери әрекет жасауды тоқтатпаған. Ливанмен бітім келісіміне қол қойғанымен, оны орындаудан бас тартты. Тель-Авив саясаты Газа секторында шамамен 70 мың бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Бұл көрсеткішке қирандылар астында қалып қойғандар кірмейді. Израильдің әрекеті бүкіл секторды жермен жексен етті. Сионистік режим үкіметі палестиналықтарды толықтай елден шығару үшін Мысыр мен Иорданияға қарсы соғыс ашуға дайын екенін де ашық мәлімдеді.

Таяу Шығысқа жасаған сапарынан Парсы шығанағы елдерінен қару-жарақ сатып алу туралы ауқымды келісімшарттармен оралған Трамп арабтар мен мұсылмандарға мейірімділік танытып жатқанын көрсетуге тырысқанымен, олардың ықпалы Израильмен салыстырғанда әлі де әлсіз күйінде қалуда.

Шын мәнінде, Трамп араб елдерін кемсітуге 2015 жылдан, яғни президенттікке ресми кіріспей тұрып оларға тұрақты түрде қысым көрсетіп, бопсалаған. Алайда АҚШ өзін сенімді әріптес ретінде көрсете алмады: ол Сауд Арабиясын хуситтердің шабуылынан қорғай алмады, сондай-ақ Израильдің Дохаға жасаған соққыларына да тосқауыл бола алмады. Бұдан да маңыздысы — болашақта Трамптың орнын еврей донорларынан бас тартатын, Таяу Шығыстан түбегейлі кетуді көздейтін оқшаулануға бейім басшы басуы әбден мүмкін. Сонда жағдай не болмақ? Осындай сауалдар бүгінде араб және мұсылман елдері басшыларының көкейінен кетпей тұрғаны анық.

Бұл сұрақ Израиль басшысын да мазалайды. Нетаньяху АҚШ-тағы ықпалды тұлғалармен байланысын күшейтіп, Израиль жайлы пікірді өзгертуді көздеуі дәлел. Ол әлеуметтік желілердегі көзқарасты өзгерту үшін лоббистік жұмысын арттырып, TikTok-ты еврей кәсіпкері әрі Израиль армиясының доноры Ларри Эллисонның сатып алғанын оң бағалады. Израиль билігі АҚШ қоғамында, әсіресе жастар арасында, оларға деген теріс көзқарастың артқанын байқап отыр.

Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып, Шарм-эш-Шейхтегі Трамп, Египет президенті Сиси, Түркия президенті Ердоған және Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани қол қойған бейбітшілік туралы келісімді салтанатты рәсім емес, белгілі бір кезеңнің аяқталуы ретінде қарастыруға болады. Байден, Обама, Буш немесе Клинтон сияқты бұрынғы президенттердің мұндай деңгейдегі кездесуді қысқа мерзімде ұйымдастыруы екіталай еді. Трамптың ерекшелігі – оның тұлғалық ықпалы мен күтпеген шешім қабылдау қабілетінде. Алайда оның саяси бағытын жалғастыратын мұрагер жоқ.

Қазіргі таңда Газада соғыс аяқталғандай көрінеді. Алайда бұл жағдай Трамп өзге істермен айналыспайынша немесе оны басқа президент алмастырмайынша ғана сақталуы мүмкін. Ал қақтығыстың туындауына себеп болған мәселелердің ешқайсысы шешілген жоқ. Бейбітшілікке апарар жол жоқ.

Батыс жағалаудағы және Иерусалимдегі сионистік оңшыл экспансионистерді бірде-бір Израиль үкіметі тоқтата алмайды. ХАМАС толық жеңілген жоқ әрі өзін қарусыздандыруға жол бермейді. Тіпті гуманитарлық көмек үзілмесе де, Газа секторын қалпына келтіру жұмыстары жуық арада басталмайтын сияқты. Ал Батыс жағалаудағы Палестина әкімшілігі Махмұд Аббас өмірден озғаннан кейін ішкі алауыздықтарға одан сайын осал бола түспек.

Соғыс қайта тұтанған жағдайда, араб және мұсылман мемлекеттері мынаны ой елегінен өткізуі тиіс: Израильге шектеу қоя алатын АҚШ президенті табыла ма? Егер табылмаса, бұған қазірден бастап қалай дайындалу керек?

Мұсылман елдері үшін ықтимал шешімдердің бірі — палестиналық аумақтарды толық бақылауға алу болар еді. Алайда, бұл ұсынысқа Израиль тарапы келіспейді. Палестиналықтар да өз жерлерін біртіндеп басып алып жатқан Израильмен мәміле жасауға мәжбүр ететін шетелдік басқаруға, тіпті мұсылман мемлекеттері тарапынан болса да, қарсы болары анық. Израильдің өзі де егемендігінен бас тартуға ниетті емес.

Шынында да, еврейлер мен палестиналықтардың ұмтылысын тежеуге бағытталған мұсылман-америкалық серіктестік негізіндегі толық халықаралық бақылау — өңірлік тұрақтылықты қалпына келтірудің жалғыз жолы болуы мүмкін. Алайда мұндай қадам екі тараптың да қарсылығына ұшырайтыны анық, әрі үлкен саяси ерік пен құрбандықты қажет етеді.

Сондықтан Трамптың Таяу Шығысқа қатысты жоспарлары, Иранмен келісімге келу, Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер бастау және Қытаймен сауда мәмілесін жасауға деген ұмтылыстары секілді, соңында сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Армениямен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.

Қазақстан азаматтардың сапары мен тұру тәртібі туралы Армениямен келісімді ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен мемлекет аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.

2025–2026 жылдары әлемде қорғасын мен мырышқа сұраныс артады

Қорғасын мен мырыш өндірісі 2025 және 2026 жылдары әлемдік сұраныстан артып түседі. Бұл жөнінде Қорғасын мен мырыш жөніндегі халықаралық зерттеу тобы (ILZSG) хабарлады.

Ресей 2029 жылдың соңына дейін Конгода мұнай өнімдері құбырын іске қосуды жоспарлап отыр

Ресей Федерациясы мен Конго Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында жоспарланған Пуэнт-Нуар – Лутете – Малуко – Трешо бағытындағы мұнай өнімдері құбыры 2029 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.