Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік

|

|

Қазақстандағы Ресей Елшілігі «The Eurasian» басылымындағы сұхбат барысында айтылған Алексей Бородавкиннің мәлімдемесін жария етті: «Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияның қазіргі нәтижелері қанағаттанарлық екені анық. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 28 миллиард доллардан асты. 2024 жылы Ресей Қазақстандағы шетелдік инвесторлар арасында алғашқы орынға шықты. Бейресми деректерге сәйкес, Ресейдің Қазақстан экономикасына салған жиынтық инвестиция көлемі шамамен 56 млрд АҚШ долларын құрайды. Қазақстан аумағында 20 мыңға жуық бірлескен ресей-қазақстандық кәсіпорын жұмыс істеуде. Екі ел арасындағы есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесі 90 пайызға жетті. Қазіргі таңда жалпы құны ондаған миллиард долларға бағаланатын 150-ден астам екіжақты инвестициялық жоба түрлі кезеңдерде жүзеге асырылуда немесе дайындық сатысында тұр. Солардың ішінде ерекше мәнге ие жобалардың біріне тоқтала кеткім келеді. Бұл – «Бәйтерек» ғарыш жобасы. Аталған жоба аясында биылғы желтоқсанда70 жылдығын жуырда ғана салтанатты түрде атап өткен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орта класты жаңа ресейлік «Союз-5» зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы жоспарланған».

Евразия24 пікірі:

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өзара құрметке негізделген. Достық пен одақтастықты насихаттау аясында елшілерсыпайы дипломатиялық пікір алмасты. 2 шілдеде РФ-дағы ҚР елшісі Дәурен Абаев «Аргументы и факты» басылымына берген сұхбатында екі ел арасындағы қатынастардың берік екенін атап өтті: «Екі мемлекеттің өзара байланысы жүйелі әрі сенімді сипатқа ие. Бұл – жан-жақты саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара тиімді жобалар, сондай-ақ ортақ тарихи тәжірибеге сүйенетін халықтар арасындағы достық. Қарым-қатынастардың қарқыны мен ауқымын ескерсек, күн тәртібінде бірде-бір мәселенің болмауы шындыққа сай келмейді. Түрлі пікірталас туғызатын жайттардың орын алуы – табиғи құбылыс». Астана мен Мәскеу өзара ынтымақтастық барысында кейде пікір алшақтығы туындауы мүмкін екенін жоққа шығармайды және мұндай мәселелерді сындарлы диалог арқылы шешуге мүдделі. Ынтымақтастықты дамытудың басты тетіктерінің бірі – серіктестермен тиімді келіссөз жүргізе білу. Бұл еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге ықпал ететін маңызды фактор саналады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.