Евразия24Еуразия патриоттарыШЫҰ кеңейіп келеді: Енді Армения да қатарда

ШЫҰ кеңейіп келеді: Енді Армения да қатарда

|

|

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болу мақсатында ресми түрде өтініш берді. Бұл жөнінде Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Иә, Армения ШЫҰ-на мүшелікке өту туралы өтініш білдірді. Бұлбіздің теңгерімді және үйлесімді сыртқы саясат жүргізу күн тәртібімізбен толық сәйкес келеді. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», – деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, Армения бұған дейін ШЫҰ-мен серіктестік орнатқан және қабылданған шешім ешбір тосын жағдайда туындаған жоқ. Бұлұйым аясында жүріп жатқан құрылымдық өзгерістермен тығыз байланысты.
Пашинянның айтуынша, Армения солтүстікте де, оңтүстікте де, батыс пен шығыста да серіктестік қатынастар орнатуды көздейтін теңгерімді сыртқы саясат жүргізуді жалғастыра бермек.

Евразия24 пікірі:

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян жуырда өткен баспасөз мәслихатында елдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуы мүмкін екенін және Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) толыққанды мүшелік негізінде кіруге ұмтылып отырғанын мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме сарапшылар арасында әртүрлі пікір туғызды. Стратегиялық зерттеулер және бастамалар аналитикалық орталығының (АЦСИИ) басшысы Айк Халатянның пікірінше, Арменияның ШЫҰ-ға қосылу туралы шешімі Батысқа бет бұру және армян-ресей қатынастарының нашарлауы аясында қабылданған.

Ал саясаттанушы, иранист және шығыстанушы Карине Геворгян бұл қадамға Қытайдың ықпалын жоққа шығармайды. Оның айтуынша, Армения аумағы шағын ел болғанымен, Қытай үшін стратегиялық маңызы бар ірі құрлықаралық коммуникациялар жолында орналасқан. Бұл бағытта АҚШ, Түркия және Израиль белсенділік танытып отырғанын ескерсек, Арменияның геосаяси маңызы арта түседі.

Сарапшы атап өткендей, мәселе – өңірдегі ірі көлік дәлізі жобасына қатысты, және дәл осы тұрғыдан алғанда Армения Қытай үшін тұрақтылық факторы ретіндегі серіктеске айналуы ықтимал.

Айта кетейік, ШЫҰ бүгінгі таңда трансформация және кеңею кезеңінен өтуде. Бұл Арменияның бастамасын ұйымның қазіргі күн тәртібімен үйлесімді етеді. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша, ұйымның қыркүйекте өтетін саммитіне 30-ға жуық ел мен халықаралық ұйым өкілдері қатысатынын мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Валюта жарысы

Қазан айында америкалық долларға қатысты ең көп нығайған валюталардың қатарында қазақстандық теңге мен ресейлік рубль болды. Қыркүйек айының соңынан бері теңге долларға қатысты 3,6 пайызға нығайған. Осылайша ол ең көп күшейген үш валютаның біріне айналды. Осылайша ол ең көп күшейген үш валютаның біріне айналды. Сол тізімге ресейлік рубль (2,9%) және чили песосы (2,4%) да енген.

Алаяқтардың айласы артып барады

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлайды: интернет-алаяқтар танымал онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерде жоғары жалақы мен жеңіл жұмыс уәде еткен жалған хабарландырулар жариялап жатыр.

Экономика және қоғам: әр жиырмасыншы азамат күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүреді

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенген саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың жазуынша, 2025 жылдың екінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлесі 5,1 пайызды құраған. «Оңтүстік өңірлер дәстүрлі түрде табысы төмен аймақтар қатарында қалып отыр, бірақ енді бұл тізімге жаңадан құрылған облыстар да қосылды», – дейді сарапшы. Осы ретте Алматыда сарапшылар қауымдастығы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу өткізді.

Белградтағы тәртіпсіздіктерден кейін 40-қа жуық адам ұсталды

Сербияның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні Белградтағы Скупщина (Парламент) ғимаратының алдында болған тәртіпсіздіктерге қатысқан 37 адам ұсталды, деп хабарлады жергілікті B92 радиостанциясы.