Евразия24Еуразия патриоттарыТәуелсіз шешім қабылдау — әр мемлекеттің құқығы

Тәуелсіз шешім қабылдау — әр мемлекеттің құқығы

|

|

«Аргументы и факты» басылымы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевқа қазақстандықтар үшін Ресейге кіру ережелерінің өзгеруіне қатысты ең өзекті сауалды жолдады.

«Кейбір отандастарымыз үшін Ресейге кірудің жаңа рәсімдері күтпеген жаңалық болды. Қазақстан азаматтары Ресейге түрлі мақсатпен жиі қатынайды — бизнес, туризм, емделу. Әсіресе шекара маңындағы өңірлер арасындағы байланыс қарқынды. Дегенмен, шетел азаматтарының елге кіруі, ел аумағында болу тәртібі және жалпы көші-қон саясатыәр мемлекеттің толыққанды егемендік құқығы.

Біз Ресей тарапының бұл шешімді қабылдауына ықпал еткен факторларды кешенді түрде қарастырып, жағдайға түсіністікпен қараймыз. Сонымен қатар, RuID сервисі бастапқыда жоспарланғандай, Ресейге кіру тәртібін жеңілдетеді деген үміттеміз. Әсіресе, біздің азаматтарымыз үшін шекара маңындағы өңірлер арасындағы күнделікті қозғалыстың ерекшелігін ресейлік билік назарға алады деп сенеміз. Ұмытпайық, Ресейдің 12 субъектісі Қазақстанның 7 облысымен шектеседі. Бұлауқымды аймақ», — деді елші.

Eurasia24 бұл тақырып бойынша өз пікірін білдірді:

Ресей тек Беларусь азаматтары үшін шекараны ашық қалдырды. Себебі бұл елдер арасында одақтас мемлекет мәртебесі бар. Қалған барлық көрші мемлекеттерге, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ талаптар қойылып отыр.

Бұл жерде ешбір тәуелсіз мемлекет жас баланың ренішіне ұқсас эмоцияға бой алдырмауы керек. Бүгінде Ресейге бүкіл Батыс әлемі қарсы тұрғанда, шекарасыны ашық күйде ұстауға моральдық тұрғыдан құқығы жоқ.

1 маусым күні Ресейдің бірнеше өңірінде орын алған украин арнайы қызметтерінің жарылыстары — осы сөзімізге дәлел. Террористік шабуылдар азаматтардың төлқұжатына қарап, кімге тиіспеу керегін ажыратып тұрмайды. Ресейде қазақстандықтардың саны аз емес екенін ескерсек, қауіпсіздік шаралары екі ел азаматтарына да қатысты.

Басты сұрақRuID жүйесі техникалық жағынан жеке мәліметтердің үлкен ағынын қабылдауға дайын ба? Құжат рәсімдеу процесі барынша жеңіл, әрі ашық болса деген үміт бар.

Ең бастысыбәрі әйгілі саясаткер Виктор Черномырдиннің атақты сөзіндей аяқталмаса болғаны: «Жақсылық жасаймыз деп едік, баяғы әдетпен бәрі керісінше боп шықты».

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

РИМ. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Сербия президенті Александр Вучич...

Тоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

АСТАНА. 11 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

Пхеньяндағы шеруде алыс қашықтыққа арналған жаңа зымыран көрсетілді

Гонконг. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда...

Газа секторындағы топтар анклавты басқаруға шетелдің араласуына қарсы

Мадрид. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Палестинаның ХАМАС, «Палестина ислам...