Евразия24Еуразия патриоттарыЖапония мен БҰҰ Каспий бойынша бірлескен жобаны бастады

Жапония мен БҰҰ Каспий бойынша бірлескен жобаны бастады

|

|

Қазақстан Республикасының Экология министрлігі хабарлайды: «Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Жапония үкіметі құны 3 миллион АҚШ долларын құрайтын бірлескен жобаны іске қосады. Жоба су ресурстарын басқару мен мониторинг жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы Қазақстанның Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне ден қою мүмкіндігін күшейтуге бағытталған. Бастама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба экологиялық тұрақтылықты арттыруды көздейді және Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын маңызды көлік және экологиялық дәлізде су ресурстарын орнықты басқаруды дамытуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, бұл бастама Жапония үкіметінің Транскаспий халықаралық көлік бағытын қолдау жөніндегі бастамасына сәйкес келеді. Аталған бастама өткен жылдың желтоқсан айында өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мен саммиті аясында жарияланған болатын».

Еуразия24 пікірі:

Жапонияның БҰҰ-мен бірге Каспийдің экологиялық мәселелерін шешуге қатысуы туралы жаңалықтың өзі көп жайтты аңғартады. Ең алдымен, Жапония мен Каспий аймағының географиялық тұрғыдан алшақтығын ескерсек, мәселенің тек Каспий маңы елдерінің шеңберінен әлдеқашан шығып кеткені байқалады. Халықаралық деңгейде нақты жобаларды қаржыландыру басталғанына қарағанда, теңіздің тартылуы мен оған қарсы нақты шаралар қабылдау қажеттігі күмән тудырмайды. Оның үстіне, БҰҰ Даму бағдарламасы Каспий тақырыбымен айналысып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Бұған дейін БҰҰДБ мен Жаһандық экологиялық қордың қатысуымен балық қорын қалпына келтіру және «КаспЭко» атты өңірлік табиғатты қорғау құрылымын құру жобалары іске қосылған еді. Алайда кейінгі жылдары бұл құрылым жайлы жария кеңістікте көп айтылмайтын болды. Қазір негізгі назар Каспийдегі көлік және порт инфрақұрылымының, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуын ескере отырып, аймақтағы адам қызметінің қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастырылуына ауысты. Жапонияның БҰҰДБ-мен Каспий мәселесі бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытуының себебі де осы. Себебі су жүйесі деградацияға ұшырап, экологиялық қатерлер күшейіп жатқан өңір арқылы ұзақ мерзімді көлік дәлізін дамыту мүмкін емес.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстанда есірткіге қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінді

14 қазанда Астанада концерт беруі тиіс болған рэпер NAVAI бір күн бұрын көлігінен есірткі табылып, «Қордай» шекара бекетінде ұсталды. Сот оны тергеу аяқталғанға дейін қамауда ұстауға санкция берді.

БҰҰ-да Қазақстандағы әйелдердің құқығын қорғау заңнамасы талқыланды

БҰҰ сарапшылары Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамасын сынға алып, әйелдерді қорғау шараларын күшейтуге шақырды. «Сарапшылар Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық әлі күнге дейін дербес қылмыс ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.

АтомБРИКС: Болашақ энергиясы

Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» Әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетіне қарасты «Ресейдің басымдық берілген елдермен ғылыми-технологиялық ынтымақтастығы» ғылыми-оқу тобының (ҒОТ) семинары қорытындысы бойынша дайындалған талдамалық шолу. Зерттеу авторы – Анастасия Гаврилова.

ЕО басшылары Зеленскийден Трампты ашық сынауды бәсеңдетуді сұрамақ

Еуропалық одақ басшылары Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жабық есік жағдайында өтетін кездесуде оған АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясатын сынағанда өткір мәлімдемелерден тартынуға кеңес бермек. Бұл туралы бейсенбі күні Financial Times (FT) газеті дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.