Евразия24Еуразия патриоттарыРесейдегі қазақтардың рухани бірлігі

Ресейдегі қазақтардың рухани бірлігі

|

|

BezFormata порталы хабарлауынша, 26 шілдеде Ишим ауданының Черемшанка ауылында кең ауқымды ұлттық мерекеҚұрылтай өтеді. Қазіргі таңда айтулы шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстары Ұлттық істер жөніндегі өңірлік комитет пен Ресейдегі қазақтардың Федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраевтың қолдауымен жүргізілуде. Бұған дейін бірнеше дайындық кездесулері өтіп, мерекенің мәдени бағдарламасы, логистикасы және мазмұны талқыланды. Биылғы Құрылтайдың маңызын арттырып тұрған тағы бір жайтоның Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Түмен облысында жарияланған Батырлар жылымен тұспа-тұс келуі. Ұйымдастырушылар облыстың барлық муниципалитеттерінен өкілдер қатысатын мазмұнды бағдарлама уәде етуде.

Eurasia24 басылымының жазуынша, Ресей қазақтарының Құрылтайы алғаш рет Түмен облысында екі жыл бұрын өткен. Ол кезде жиынға 20-дан астам өңірден делегациялар келген. Содан бері Құрылтай Түмен өңірінде тұрақты түрде өтетін маңызды мәдени шараға айналды. Мұның бәрі этникалық қазақ, қоғам белсендісі Есенғали Ибраевтың бастамасы мен жергілікті билік қолдауының нәтижесі. Қазақ диаспорасы үшін бұл жиындартілді, мәдениетті, дәстүрді сақтау жолындағы маңызды алаң ғана емес, сонымен қатар, Ресейдегі қазақ қауымының бір мезетте бас қосуына берілген сирек мүмкіндік

Құрылтай аясында ұлттық өнер ұжымдарының концерті, спорттық жарыстар, ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмелері өтеді. Сондықтан да шараға жергілікті халық үлкен қызығушылық танытады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.