Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: ТМД – даму мен жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналуы тиіс

Тоқаев: ТМД – даму мен жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналуы тиіс

|

|

АСТАНА. 10 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің ортақ мақсаты – ұйымды жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналдыру екенін мәлімдеді.

«Бізді біріктіретін ортақ мақсат – ТМД-ны жасампаздық пен ілгерілеудің, тың идеялар мен жаңа мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру. Ортақ күш-жігерімізбен ТМД-ны болашаққа бағытталған, тиімді әрі серпінді халықаралық ұйым ретінде нығайта алатынымызға сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен ТМД саммитінде.

Президент Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына ТМД жанындағы байқаушы мәртебесін беру туралы саммитте қабылданатын шешім еуразиялық өңірлік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл тарихында жаңа парақ ашатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның Мәскеудегі саммит барысында ұсынған «ТМД плюс» өзара іс-қимыл форматын құру бастамасы жүзеге асырылып жатқанын айтып, бұл қадам ТМД-ның халықаралық аренадағы рөлін арттыратынына сенім білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...