АҚШ-тың Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі федералдық сотының судьясы Ричард Итон ел президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өткен жылы енгізілген жаһандық импорттық баждар есебінен жиналған 130 млрд доллардан астам қаржыны импорттаушыларға қайтару рәсімін бастауды міндеттеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген сенімнің жоғары деңгейін және сындарлы диалогты атап өтті.
Батыс Қазақстан облысындағы Сатымола кен орнында калий тұздарын өндіретін өндірістік кешеннің құрылысы 1,1 трлн теңге көлеміндегі инвестициямен жүзеге асады. Жобаның іске қосылуы бірнеше кезеңге бөлінген: алғашқы өндіріс 2027 жылы, кейінгі кезеңдер 2030 және 2035 жылдары іске қосылады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, бекітілген. Сонымен қатар, инвесторлар өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау, газбен қамту, газ құбыры мен электр желілерін тартуды да өз мойнына алған.
«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан жеңілдетілген әрі кепілді қаржыландыру бойынша нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан Көкшетауда құрылыс жұмыстарын өз күшімізбен бастап кеттік. Бұл жобамен “Самұрық-Энерго” айналысып жатыр. Ал Семей мен Өскеменге қатысты да ресейлік тараптың жауабын күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды да өзіміз жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Біз күтіп отыра алмаймыз», — деді Олжас Бектенов.
Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен күрес мәселесі жөнінде соңғы ретнақты әрі жүйелі пікірталас бір жылдан астам уақыт бұрын көтерілген еді. 2024 жылдың наурыз айында сенатор Андрей Лукин Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде жылсайын шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндірілетінін, ал бұл әрекеттердің мемлекетке келтіретін шығыны 1,5 миллиард теңгеге жуық екенін атап өткен.
«Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асырылатын ірі өнеркәсіптік даму бағдарламасы аясында Үкімет 8 трлн теңге көлемінде қосымша инвестицияны экономикаға тартуды жоспарлап отыр. Алайда бұл қаражаттың нақты келуі әлі белгісіз. Бұл тұрғыда кедергілер туындауы мүмкін.
Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.
Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.