Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАстанадағы саммит БҰҰ жетекшілерін бір алаңға тоғыстырды

Астанадағы саммит БҰҰ жетекшілерін бір алаңға тоғыстырды

|

|

Ақорда хабарлайды: «БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің ұйымдастырылу деңгейіне, сондай-ақ оның пленарлық отырысында Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзіне жоғары баға берді (…) Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына бейілділігін растады, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының өңірлік өзара іс-қимылдың негізгі алаңы ретіндегі маңызын атап өтті. Қорытындысында Президент еліміздің тұрақты даму, тұрақтылық және ортақ өркендеу мүддесі жолында БҰҰ жүйесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді».

Еуразия24 пікірі:

Саммитке Астанада қатысқан делегаттар құрамында БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, даму бағдарламасы бойынша өкілдер, Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы, апат тәуекелдерін азайту жөніндегі арнайы өкіл, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы, ФАО бас директорының орынбасары, сондай-ақ климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылар тобының төрағасы болғанын ескерсек, жиынның күн тәртібіндегі мәселелер тек экологиямен шектелмегенін байқауға болады. Бұл Орталық Азиядағы күрделі климаттық жағдайды, сондай-ақ БҰҰ мен оның құрылымдарының су тапшылығы, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуі және инфрақұрылымның экологиялық талаптардан артта қалуы мәселелеріне алаңдаушылығын ескергенде ерекше маңызды. Саммиттің Қазақстанда өтуі де оның маңызын арттыра түседі. Соңғы жылдары еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдап отырған бірқатар бастамаларды ілгерілетіп келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.