Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАзық-түлік бағасының күрт өсуі: Ұлттық банктің ескертуі

Азық-түлік бағасының күрт өсуі: Ұлттық банктің ескертуі

|

|

«Tengenomika» сараптамалық порталы хабарлауынша, 2025 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 9,4 пайызға өсті. Бұған дейін, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 9,3 пайыз болған. Жыл басынан бері бағалар 7,7 пайызға артқан. Баға өсімі ең алдымен көкөніс өнімдерінде байқалады. Атап айтқанда, пияздың бағасы 71,9 пайызға, сәбіз – 69,6 пайызға, картоп – 46,1 пайызға, ал қырыққабат – 28,3 пайызға қымбаттаған.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім пиязға тиесілібылтырғы шілдемен салыстырғанда 85,7 пайызға артқан. Қырыққабат бағасы да бір жылда 68,9 пайызға өскен. Әлеуметтік маңызы бар, әсіресе маусымдық ауытқуы жоғары көкөніс өнімдерінің қымбаттауы – азық-түлік жүйесінің негізгі тізбектерінде, атап айтқанда өндіру, сақтау, логистика мен өңіраралық үйлестіру салаларында тұрақсыздық бар екенін аңғартады. Пияз бен қырыққабат секілді күнделікті тұтынатын өнімдердің күрт қымбаттауы қазіргі баға тұрақтандыру құралдарының тиімділігі шектеулі екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл үрдіс маусымдық факторларға тәуелділіктің жоғары деңгейде сақталып отырғанын да дәлелдейді.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Ұлттық банкі шілде айына арналған инфляциялық күтулерге қатысты кезекті айлық сауалнама нәтижелерін жариялады. Респонденттердің 97,6 пайызы соңғы айда ең қатты байқалған қымбатшылық — азық-түлік бағасының өсуі екенін атап өткен. Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайыздан астамы соңғы 12 ай ішінде тауарлар мен қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда жылдамырақ өскенін айтқан. Ал 52,8 пайызы алдағы бір жылда да осы үрдіс жалғасады деп есептейді.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындар ет, жеміс-жидек, көкөніс және тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің бағасының күрт өскенін ерекше атап өткен. Коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасымен байланысты болса, азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық — үкімет уәде еткен жеңілдіктер мен субсидияларға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына бақылаудың бар екендігіне қарамастан — сұрақ туындатып отыр.

Ұлттық статистика бюросының (БНС) мәліметі бойынша, маусым айындағы жылдық инфляция деңгейі 11,8 пайызды құраған. Оның негізгі бөлігін азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (4,2 пайыздық пункт), тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (1,8 п.п.) және денсаулық сақтау саласы (1,5 п.п.) қамтамасыз еткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.