Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЕкпесіз балаларға қойылған шектеу

Екпесіз балаларға қойылған шектеу

|

|

Tengrinews.kz хабарлайды: «Астанада балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу ережелері өзгертілді: енді олар стационарларға тек қызылшаға қарсы екпесі болған жағдайда ғана қабылданады. Тиісті қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды. Бұл шешім қызылша дертінің күрт белең алуына байланысты қабылданып отыр. Соңғы үш аптада қалада аурудың расталған 403 жағдайы тіркеліп, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5-ті құрады. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,8 есе өскен. Науқастардың басым бөлігі – балалар, жағдайлардың 96 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі (…) Құжатқа сәйкес, елордада 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің екпе мәртебесіне бағалау жүргізіп, кейіннен ата-аналарының келісімімен вакцинациялау тапсырылды. Осындай тексеру 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері арасында да жүргізіледі. Сонымен қатар, 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жасалады. Қаулының жеке тармағында балалар стационарларына жоспарлы түрде жатқызуға тек қызылшаға қарсы екпе болғанда ғана рұқсат етілетіні жазылған».

 

Евразия24 пікірі:

Бір жағынан, антивакцинациялық көзқарастарды белгілі бір деңгейде бәсеңдетуге бағытталған шешім қабылданды: екпе алмаған балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жол берілмейді. Қызылшаға қарсы вакцинация ерте жаста жүргізілетіндіктен, бұл кезеңде баланың өз еркін білдіру мүмкіндігі болмайды, ал екпе алмағаны үшін жауапкершілік толықтай ата-ананың мойнында. Осы жағдайда ата-аналар үшін басты мәселе – жеке қағидаттар мен ұстанымдар ма, әлде баланың денсаулығы мен өмірі ме екенін айқындап алу. Алайда аталған жаңалық қоғамда белгілі бір күмән да тудырды: елорданың бас санитариялық дәрігерінің қаулысы балалардың медициналық көмек алу құқығын шектемей ме деген сұрақ туындайды. Формалды тұрғыдан алғанда, шектеу жоқ, өйткені бұл шешім тек жоспарлы госпитализацияға қатысты, ал екпе мәртебесіне қарамастан Конституциямен кепілдік берілген шұғыл медициналық көмекке әсер етпейді. Сонымен бірге екпе алмаған, бірақ бұған дәлелді себептері бар балалар мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Мысалы, медициналық қарсы көрсетілімдері бар жағдайлар. Мұндай жағдайда шектеу енгізген денсаулық сақтау жүйесі жоспарлы емдеудің баламалы тетіктерін де қарастыруы тиіс. Айталық, жеке палаталар немесе госпитализацияның арнайы шарттары болуы мүмкін. Қалай болғанда да, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу – демалыс сапары емес, өмірлік маңызы бар қажеттілік. Бұл жағдайда қабылданған шешімдерге бала жауапты болмауы тиіс, себебі мұндай таңдау ересектер тарапынан жасалады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.