Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЕкпесіз балаларға қойылған шектеу

Екпесіз балаларға қойылған шектеу

|

|

Tengrinews.kz хабарлайды: «Астанада балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу ережелері өзгертілді: енді олар стационарларға тек қызылшаға қарсы екпесі болған жағдайда ғана қабылданады. Тиісті қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды. Бұл шешім қызылша дертінің күрт белең алуына байланысты қабылданып отыр. Соңғы үш аптада қалада аурудың расталған 403 жағдайы тіркеліп, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5-ті құрады. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,8 есе өскен. Науқастардың басым бөлігі – балалар, жағдайлардың 96 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі (…) Құжатқа сәйкес, елордада 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің екпе мәртебесіне бағалау жүргізіп, кейіннен ата-аналарының келісімімен вакцинациялау тапсырылды. Осындай тексеру 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері арасында да жүргізіледі. Сонымен қатар, 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жасалады. Қаулының жеке тармағында балалар стационарларына жоспарлы түрде жатқызуға тек қызылшаға қарсы екпе болғанда ғана рұқсат етілетіні жазылған».

 

Евразия24 пікірі:

Бір жағынан, антивакцинациялық көзқарастарды белгілі бір деңгейде бәсеңдетуге бағытталған шешім қабылданды: екпе алмаған балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жол берілмейді. Қызылшаға қарсы вакцинация ерте жаста жүргізілетіндіктен, бұл кезеңде баланың өз еркін білдіру мүмкіндігі болмайды, ал екпе алмағаны үшін жауапкершілік толықтай ата-ананың мойнында. Осы жағдайда ата-аналар үшін басты мәселе – жеке қағидаттар мен ұстанымдар ма, әлде баланың денсаулығы мен өмірі ме екенін айқындап алу. Алайда аталған жаңалық қоғамда белгілі бір күмән да тудырды: елорданың бас санитариялық дәрігерінің қаулысы балалардың медициналық көмек алу құқығын шектемей ме деген сұрақ туындайды. Формалды тұрғыдан алғанда, шектеу жоқ, өйткені бұл шешім тек жоспарлы госпитализацияға қатысты, ал екпе мәртебесіне қарамастан Конституциямен кепілдік берілген шұғыл медициналық көмекке әсер етпейді. Сонымен бірге екпе алмаған, бірақ бұған дәлелді себептері бар балалар мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Мысалы, медициналық қарсы көрсетілімдері бар жағдайлар. Мұндай жағдайда шектеу енгізген денсаулық сақтау жүйесі жоспарлы емдеудің баламалы тетіктерін де қарастыруы тиіс. Айталық, жеке палаталар немесе госпитализацияның арнайы шарттары болуы мүмкін. Қалай болғанда да, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу – демалыс сапары емес, өмірлік маңызы бар қажеттілік. Бұл жағдайда қабылданған шешімдерге бала жауапты болмауы тиіс, себебі мұндай таңдау ересектер тарапынан жасалады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Экстремалды» туризмге тосқауыл: Үкімет жаңа заңнамалық тетіктер әзірлеуде

Егер ел ішінде әскери немесе төтенше жағдай жарияланбаса, шетелдегі қарулы қақтығыс азаматтардың сапарына шектеу қоюға негіз бола ала ма? Бұл — өте күрделі тақырып.

Ресей президентінің сапары қарсаңында: оқиғаларға толы мамыр

Жаһандық деңгейдегі ауқымды әрі стратегиялық маңызы зор оқиғалар бұрын-соңды дәл осылай тығыз уақыт аралығында қатар өрбіген емес. Мамырдың бесі күні, Жеңіс күні қарсаңында, тарихта тұңғыш рет Армения – Еуропалық Одақ саммиті өтті. Аталған жиында Никол Пашинян Еуропаға бағыт алғанын растап, мамыр айының соңында, нақтырақ айтқанда 28-29 күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Саммиттің Астанада өту себебі – биылғы жылы ЕАЭО-ға Қазақстан төрағалық етеді. Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік сапары да дәл осы Астана саммиті уақытына белгіленген. Ал Еревандағы мәселеге келсек, жиынға шақырылған қонақтардың арасында ЕО немесе ЕАЭО-ға мүше емес Украина Президенті де болды. Ол Мәскеудегі шерудің әскери техникасыз өтетінін алға тартып, Ресей тарапы украиналық дрондардың „Қызыл алаң үстінен ұшып өтуінен“ сескенеді деген мәлімдеме жасады.

Нарендра Моди Үндістан халқын алтын сатып алуда ұстамдыққа шақырды

Үндістан Премьер-министрі өткір энергетикалық дағдарыс жағдайында елдегі жанармайды үнемдеуге мүмкіндік беретіндей әрекет етуді сұрағанда, ешқандай сұрақ туындамайтыны анық. Бірақ дәл осы тұлға халықты алтын сатып алмауға шақырған кезде, еріксіз күмән ұялайды. Нарендра Модиді үндістердің жеке қаржылық әл-ауқаты емес, рупия бағамына, елдің валюталық резервтері мен бүкіл қаржы жүйесіне түсетін қысым көбірек алаңдататыны айдан анық. Дегенмен, қазіргідей құбылмалы кезеңде халықтың Үкімет басшысының кеңесіне құлақ асады деу қиын.

Қазақстан — ТМД-ның шекара қызметі кадрларын даярлау орталығы

Қазақстан ҰҚК академиясының ТМД аясындағы жаңа мәртебесі — Достастық елдерінің қазақстандық кадр даярлау мектебін, оның ғылыми базасы мен кәсіби сараптамалық деңгейін аймақтағы негізгі тірек орталықтардың бірі ретінде мойындауы деуге болады.