Евразия24Таңдаулы жаңалықтарМектепке дейінгі ұйымдарға лицензия беру тәртібі енгізіледі

Мектепке дейінгі ұйымдарға лицензия беру тәртібі енгізіледі

|

|

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «2027 жылдан бастап балабақшалар міндетті түрде лицензияланатын болады. ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында тұр. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпкер балабақша ашқан кезде жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің аумақтық департаменттерін міндетті түрде хабардар етуге тиіс. Балабақшалардағы білім беру сапасын арттыру мақсатында талаптар күшейтілуде және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. «Мейлі мектеп, мейлі балабақша болсын – қазір лицензиялау жүйесі енгізілуде. Әрбір мектеп пен балабақшаның ғимаратына, педагогикалық әлеуетіне, білім беру бағдарламаларына, материалдық-техникалық базасына және инфрақұрылымына қойылатын нақты талаптар белгіленді. Бұл талаптар бекітілді. Заң 2024 жылы күшіне енді. Балабақшаларды осы талаптарға сәйкестендіруге 2025–2026 жылдар аралығында дайындық мерзімі белгіленген. 2027 жылдың қаңтарынан бастап меншік нысанына қарамастан, барлық балабақшалар міндетті түрде лицензияланатын болады», – деді вице-министр.

 

Евразия24 пікірі:

Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру саласында тәртіп орнатуға бағытталған шешімі – қажетті әрі алдын ала болжанған қадам болды. Өйткені мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығына байланысты аймақтарда күмәнді қызмет көрсететін жекеменшік мекемелер қаптап кетті. Мәселен, 2023 жылы Алматы облысында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде  мемлекеттік тапсырыс қаражатын жымқыру үшін құрылған 9 жеке «көлеңкелі» балабақша анықталған. Лицензиялау – сапаны бақылаудың тиімді тетігі, демек, бұл – заң шеңберінде жұмыс істеуге ынталандыратын құрал. Алайда жаңа талаптар бағаға кері әсер етуі мүмкін. Барлық жеке балабақшалар лицензия ала алмайды деген қауіп бар. Бұл өз кезегінде онсыз да тапшылық болып тұрған нарықты одан әрі қысқартуы ықтимал. Ал тапшылық – әрдайым бағаның өсуіне әсер етеді. Дегенмен, әңгіме кішкентай қазақстандықтардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі туралы болғанда үндемеу дұрыс емес.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан энергетикасын жаңғырту: қытайлық инвестордың қатысуы жаңа мүмкіндік пе, әлде тәуекел ме?

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантиров пен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек "Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd." компаниясының бас директоры Ли Цзяньцзяньмен кездесу өткізді.

Аудиторларды таң қалдырған не мәселе?

Көріп отырғанымыздай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қатысты аудиторлар тарапынан айтарлықтай сұрақтар мен ескертулер болған жоқ. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын салымшылар кез келген заңды себеппен белсенді түрде шешіп алып жатыр.

Болашаққа бағдар және ірі тарихи кезеңдер

Ежелгі және этникалық тарихқа қатысты негізгі деректерді біріздендіре отырып, тарихи үдерістерді неғұрлым толық тану мақсатында тарихи (құрылымдық нысанда) және этникалық (жүйелік сипатта) факторлардың өзара ықпалын жүйелі-құрылымдық талдауда бірлесе қолданудың негізділігін көрсететін тұжырымдарды қарастырып көрейік. Сонымен,300 жылға созылатын ірі тарихи кезеңдер – «дәуірлердің» бар екені расталады. Осы кезеңдер барысында үздіксіз өзгерістерге бейім, өзіндік тұтастығы бар этникалық қауым – «халық» қалыптасады.

Тоқаев Иранды Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктесі деп атап, 2025 жылы өзара сауда көлемі 40% өскенін мәлімдеді

Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі және бұл елді сенімді серіктес әрі жақын көрші деп санайды, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.