Өңірден үдере көшу

|

|

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды:
«Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге азайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті төмендету мақсатында еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру шаралары қолға алынған.
Өңірлер арасындағы көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге қысқарды. 2025 жылдың 9 айында ішкі көші-қон үдерістеріне 328 мың адам қатысқан. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында ішкі мигранттар саны 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24,8 пайызға артқан. Ішкі көші-қонның негізгі легі Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі. Бұл үш мегаполис ел ішіндегі жалпы көші-қон ағынының 51 пайызын құрайды. «Ішкі экономикалық мобильділікті ынталандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында».

 

Евразия24 пікірі:
Айта кетерлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бұдан да маңызды мәлімдеме жасады. Алайда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми хабарламасында бұл дерек не себепті екені белгісіз, мүлде аталмаған. Мәлімдеме мынадай: «2017 жылдан бері еңбек күші артық өңірлерден еңбек ресурстары тапшы аймақтарға 64,6 мың адам қоныс аударды. Оның ішінде 28,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды». Осы сандардың өзінен-ақ мәселенің ауқымын аңғаруға болады: сегіз жыл ішінде қоныс аударғандардың тең жартысына жуығы ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл, шын мәнінде, өңірлік даму жүйесінің әлі де толыққанды жолға қойылмағанын көрсетеді. Жақында біз Жоғары аудиторлық палатаның облыстық бюджеттерді талдау қорытындысына қатысты материал жариялаған болатынбыз. Онда соңғы екі жылда өңірлердің кемінде 3 триллион теңгеден астам қаражатты мақсатсыз жұмсағаны анықталған. Осы шығындар шынымен өңірлердің дамуына жұмсалған болса, оның нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан, ең алдымен – жұмыспен қамтылу деңгейінен көрінуі тиіс еді. Ендеше, егер бұл қаражаттың игілігі халықтың өмір сүру жағдайына және еңбек нарығына оң әсер етпесе, онда оның қайда кеткенін сұрамай болмайды. Жалпы, соңғы бір жылда тұрғылықты жерін неғұрлым дамыған өңірлерге ауыстырған азаматтар санының төрттен біріне жуық өсуі – аймақтардағы әлеуметтік ахуалдың тұрақты емес екенін айқын аңғартады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан парламенті Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан парламентінің Мәжіліс мен Сенат депутаттары жұма күні өткен палаталардың бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Израиль Иран әуе кеңістігінде оннан астам дроннан айырылды

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Иран үстіндегі әуе операциялары барысында оннан астам ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды.

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Қазақстан вице-премьері

«Алатау қаласы офшорлық аймақ болмайды. Мұнда преференциялар тек өз қызметін тікелей Алатау қаласының аумағында жүзеге асыратын компанияларға ғана беріледі», – деді Бозымбаев жұма күні өткен брифингте.

Алатау ерекше құқықтық режимі бар дербес экономикалық экожүйеге айналады – заң жобасы

Қазақстанның Алматы облысындағы Алатау қаласын дамыту жобасы өзіндік қаржылық моделі бар дербес экономикалық экожүйе қалыптастыруды көздейді.