Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан батыстық серіктестермен қоштасып жатыр ма?

Қазақстан батыстық серіктестермен қоштасып жатыр ма?

|

|

Sputnik агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі Shell мен Eni секілді батыстық мұнай-газ алпауыттарынан Қарашығанақ кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) қатысты бақылауды ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» компаниясына қайтаруды талап еткен.

Салалық басылымдар бұл шешімді жобаның іске асу барысына деген теріс көзқараспен байланыстырады. Бұған дейін Bloomberg агенттігі консорциум жетекшілері Eni мен Shell Қазақстан тарапына зауыт құрылысының құнын бастапқы 3,5 миллиард доллардан 6 миллиард долларға дейін арттыруды ұсынып, оның үстіне 1 миллиард доллар шығынды өтеуді сұрағанын жазған. Компаниялар мұны жобаның табыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірген.

Энергетика министрлігі Sputnik Қазақстан тілшісіне берген жауабында: Қазақстан Үкіметі жобаны іске асырудың балама жолдарын қарастырып жатқанын, соның ішінде ҚГӨЗ құрылысын «ҚазМұнайГаз» арқылы жалғастыру нұсқасы да күн тәртібінен түспей тұрғанын мәлімдеді.

Евразия24 пікірі:

Қарашығанақ кен орнын игеруге арналған КПО консорциумымен жасалған келісімшарттың мерзімі 2032 жылы аяқталуға жақындаған сайын, Қазақстан мен серіктестер арасындағы қарым-қатынас та күрделене түсуде.

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) құрылысының қымбаттауы және Энергетика министрлігінің бұл жобаны консорциум шарттарымен жүзеге асырудан бас тартуы – еліміздің мұнай-газ секторын шамадан тыс талап қоятын әріптестерден босатуға деген саяси ерік-жігерін көрсетеді.

Алайда Қазақстан жалғыз бұл зауытпен шектеліп отырған жоқ. Екінші ГӨЗ Кашағанда салынып жатыр. Бұл жобаның да өзіндік қиындықтары бар. Бастапқыда зауытты 2021 жылы жергілікті жеке инвестор салуы тиіс болатын. Алайда 2022 жылы «GPC Investment» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі «QazaqGaz» ұлттық компаниясының балансына өтті.

Үкімет пен «QazaqGaz» жобаны 2026 жылы аяқтаймыз деп отыр. Дегенмен стратегиялық нысандарды квазимемлекеттік секторға тапсыру олардың уақытында аяқталуына кепіл бола алмайтынын уақыт көрсетті. Десе де, бұл – Қазақстанның ішкі шаруасы. Ең бастысы – шешім қабылдау өз қолымызда, өзгелердің көңіл-күйіне тәуелді емеспіз.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

РИМ. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Сербия президенті Александр Вучич...

Тоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

АСТАНА. 11 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

Пхеньяндағы шеруде алыс қашықтыққа арналған жаңа зымыран көрсетілді

Гонконг. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда...

Газа секторындағы топтар анклавты басқаруға шетелдің араласуына қарсы

Мадрид. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Палестинаның ХАМАС, «Палестина ислам...