Евразия24UncategorizedАлдымен өз партиясындағы әйелдермен келісіп алсын

Алдымен өз партиясындағы әйелдермен келісіп алсын

|

|

Еуразия24 Ермұхамед Ертісбаевтың нағыз жанкүйеріне айналып кетті деп ойлап қалмаңыздар. Бірақ, шыны керек, аздап оған біз де жанкүйерміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші: егер оның видеолары болмағанда, Құрылтайға қатысты аса жарқын емес сайлау науқанын біз қалай қызықты етіп жариялар едік?

Бір қызығы, Ертісбаев өзі жуырда ғана басқарған партияны насихаттаудан гөрі «Respublica» партиясын сынауға көбірек ден қойған. Оның үстіне жаңа тақырып іздеп әуре болмайды: латын қарпімен жазылатын «Respublica» партиясы төрағасының да, өзге өкілдерінің де мәлімдемелері оған үнемі жаңа себеп тауып береді.

Мұндай мысалдар аз емес. Соның бірі туралы біз бұған дейін де жазғанбыз. Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Respublica» партиясынан депутаттыққа кандидат Сәуле Сағадиден журналист Құрылтайға не үшін бара жатқанын сұраған еді . Оның жауабының өзі бөлек әңгімеге арқау болды.

Алдында айтқанымыздай, тәжірибенің аты – тәжірибе ! .

Бірақ мұнда бір қызық бар. Халық партиясының өзінде де одан кем түспейтін әйел кандидат – Аша Матай бар. Ол да сайлау науқанында әйелдің қоғамдағы орны мен тәрбиесіне қатысты көзқарасымен жұрт назарын аударып үлгерді .

Ал Ермұхамет Қабиденұлы бұл мәселеде нағыз «ерлерше» ұстаным танытып, қисын мен табандылықты берік қорғауға алды .

Алайда Еуразия24 редакциясының ойынша, Сәуле Сағадиге қатысты айтылған пікірлермен салыстырғанда, бұл жерде Ертісбаевтың ұстанымы өзара қабыспай тұрғандай. Тіпті өзі сөз еткен «ерлер логикасына» емес, керісінше, «әйелдер логикасына» көбірек ұқсайтын қайшылық бар деуге болады.

Осындай жағдайға қатысты көпшілікке белгілі бір фильмде : «Оған бар болғаны әйелдерімен дер кезінде мәселені шешіп алу керек еді…» деген сөз бар.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.