Евразия24ЖаңалықтарАлтын бағасы тарихи рекорд жаңартты

Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты

|

|

Нью-Йорк. 16 қазан. ИНТЕРФАКС – Алтын бағасы бейсенбі күні тарихи максимум деңгейіне жетіп, қатарынан бесінші сауда сессиясында өсім көрсетуде.

Бейсенбі күнгі саудада алтынның спот бағасы 0,6%-ға өсіп, бір унциясы $4233,06-ға жетті. Бұған дейінгі сессия барысында бағасы $4241,77-ге дейін көтеріліп, рекорд жаңартты.

Желтоқсан айындағы фьючерстер құны 1,1%-ға өсіп, бір унциясы $4246,6 болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытайға қарсы 100%-дық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Ол бұл шешімді Қытайдың 1 қарашадан бастап елде өндірілетін тауарлардың басым бөлігіне экспорттық бақылау шараларын енгізетінімен түсіндірді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грирдің мәлімдеуінше, егер Қытай сирек кездесетін металлдар экспортына шектеу қойса, бұл екі ел арасындағы қолданыстағы сауда келісімдеріне қайшы келеді, деп жазады Axios басылымы.

«АҚШ президенті Дональд Трамп өз позициясын түбегейлі өзгертіп, бұл жағдайды нақты сауда соғысы деп атады. Бұл алтын үшін елеулі серпін беріп отыр», – деді OANDA компаниясының аға сарапшысы Кайл Родда.

АҚШ Қаржы министрлігінің өкілі сәрсенбі күні екі аптаға созылатын шатдаун ел экономикасына аптасына $15 млрд көлемінде шығын келтіруі мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар, инвесторлар келесі Федералдық резерв жиынында базалық мөлшерлеме 25 базистік пунктке төмендейді деп дерлік сенімді. Желтоқсанда тағы бір рет төмендету болжанып отыр.

ANZ сарапшыларының болжамынша, жыл соңына дейін алтын бағасы $4400-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Жыл басынан бері бағалы металл 60%-дан астамға қымбаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев үкіметке экономикалық реформаларды халық мүддесіне сай түзетуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін экономикалық реформаларды іске асыру барысын түзетуге қатысты нақты іс-шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Қазақстан парламенті кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалайтын орталық құру туралы келісімді ратификациялады

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалаудың халықаралық орталығы (ҚТБО) – ТМД елдерінің қаржы барлау бөлімшелері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыруға арналған халықаралық ақпараттық жүйе болып табылады.

Үндістан СІМ Ресейден мұнай сатып алу мәселесі бойынша Трамптың мәлімдемесіне жауап берді

Үндістан билігі мұнай мен газды сатып алу жөніндегі шешімдерді қабылдауда үнді тұтынушыларының мүддесін қорғауға басымдық береді.

«Терең мемлекеттің» көлеңкелі қаржы көздері: Пентагон, есірткі және алтын қоры

 «Deep state» — терең мемлекет құрылымдары — қаржыландыру көзіне кәдімгі мемлекеттік мекемелер сияқты мұқтаж. Бұл құрылымдардың жасырын қаржысын толықтыру тетіктерінің бірі – АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагонның) шамадан тыс «артылып қалған» бюджеті екені бұрыннан белгілі. Сонымен қатар, есірткі айналымы да арнайы қызметтердің дәстүрлі түрде қолма-қол қаржы көзіне айналған. Бұл көлемнің ауқымды болғаны соншалық, 80–90 жылдардың тоғысында аталған құрылымдар әлемдік алтын бағасын төмендету мақсатындағы қаржы операцияларына тікелей қатысқан.