Евразия24ЖаңалықтарАлтын бағасы тарихи рекорд жаңартты

Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты

|

|

Нью-Йорк. 16 қазан. ИНТЕРФАКС – Алтын бағасы бейсенбі күні тарихи максимум деңгейіне жетіп, қатарынан бесінші сауда сессиясында өсім көрсетуде.

Бейсенбі күнгі саудада алтынның спот бағасы 0,6%-ға өсіп, бір унциясы $4233,06-ға жетті. Бұған дейінгі сессия барысында бағасы $4241,77-ге дейін көтеріліп, рекорд жаңартты.

Желтоқсан айындағы фьючерстер құны 1,1%-ға өсіп, бір унциясы $4246,6 болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытайға қарсы 100%-дық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Ол бұл шешімді Қытайдың 1 қарашадан бастап елде өндірілетін тауарлардың басым бөлігіне экспорттық бақылау шараларын енгізетінімен түсіндірді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грирдің мәлімдеуінше, егер Қытай сирек кездесетін металлдар экспортына шектеу қойса, бұл екі ел арасындағы қолданыстағы сауда келісімдеріне қайшы келеді, деп жазады Axios басылымы.

«АҚШ президенті Дональд Трамп өз позициясын түбегейлі өзгертіп, бұл жағдайды нақты сауда соғысы деп атады. Бұл алтын үшін елеулі серпін беріп отыр», – деді OANDA компаниясының аға сарапшысы Кайл Родда.

АҚШ Қаржы министрлігінің өкілі сәрсенбі күні екі аптаға созылатын шатдаун ел экономикасына аптасына $15 млрд көлемінде шығын келтіруі мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар, инвесторлар келесі Федералдық резерв жиынында базалық мөлшерлеме 25 базистік пунктке төмендейді деп дерлік сенімді. Желтоқсанда тағы бір рет төмендету болжанып отыр.

ANZ сарапшыларының болжамынша, жыл соңына дейін алтын бағасы $4400-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Жыл басынан бері бағалы металл 60%-дан астамға қымбаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.