Евразия24Ушыққан мәселеҚажыгелдин - энергетика «маманы» 

Қажыгелдин — энергетика «маманы» 

|

|

«Қазақстанның энергетика жүйесі басқарудағы жүйелі дағдарыстың кесірінен ұзаққа созылған құрдымға тірелді. Салалық министрлік жылдар бойы тиімсіз жоспарларды қайта жазумен айналысып жатқанда, жасы 55 жылдан асқан генерациялаушы станциялардың тозуы елді жаппай апаттар қаупіне итермелеп отыр. Бұл ретте триллион теңгеге жуық қыруар бюджет қаражаты ескі-құсқыны шексіз жамап-жасқауға жұмсалуда. Бұл шенеуніктер үшін тиімді болғанымен, саланың түйткілді мәселелерін түпкілікті шешпейді. Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин отандық инженерлермен және кәсіпкерлермен бірлесіп әзірленген шұғыл жаңғыртудың баламалы бағдарламасын ұсынып отыр. Спикер заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды қолдануды және ондаған жылдар бойы күрделі қаржы құймай, тек пайданы сорып келген Клебанов пен Кан сияқты тиімсіз меншік иелерін ауыстыруды талап етеді. Төніп келе жатқан энергетикалық коллапстың шынайы ауқымын және одан шығу жолдарын тереңірек білгіңіз келсе, Elmedia арнасындағы ауқымды сұхбатты тамашалаңыз».

Бұл — Elmedia Kazakhstan арнасындағы бейнебаянның аңдатпасынан келтірген үзінді.

Ол жерде әлгі айтылған шұғыл жаңғыртудың баламалы бағдарламасына сілтеме де бар. Алайда, оны оқып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ деп кеңес берер едік, өйткені оның бүкіл мазмұнын қазір өзіміз-ақ екі-ақ сөйлеммен айтып бере аламыз. Біріншіден, бұл — «таза көмір» технологияларына негізделген көмір генерациясын дамыту. Екіншіден, америкалық шағын модульдік реакторларды енгізу.

Бірінші пікірі: «таза көмір» технологиясы дегеніміз — үкіметтің жақында ғана қабылдаған «Көмір энергетикасын дамыту тұжырымдамасының» көшірмесі ғана.

Әкежан Қажыгелдиннің бұл ұсынысынан ешқандай жаңалық немесе балама көріп тұрған жоқпыз. Тіпті көз тіккен бағыттары да бір: екеуі де, басқа жол жоқтай, Қытайға жалтақтап отыр. Бірақ бұрынғы премьердің де, қазіргі министрлердің де мынадай қарапайым сұраққа бас қатырғысы келмейді: Қытайдың бұл көмір «ғажайыбы» біз білетін МАЭС пен ЖЭО-дан пәленбай есе қымбатқа түседі, сонда бұл тарифті қаншалықты шарықтатпақ?

Екінші пікірі: америкалық шағын модульдік реакторларды шұғыл іске қосуға келетін болсақ, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ, тіпті талқылаудың өзі артық. Сөзіміз дәлелді болуы үшін айта кетейік, батыстық үлгідегі мұндай модульді АЭС-тер іс жүзінде әлі өмірде жоқ. Олар дәл қазір тек Ресей мен Қытайда ғана бар. Сондай-ақ дәл қазір іргедегі Өзбекстанда біздің өңір үшін ресейлік екі пилоттық атом модулінің іргетасына бетон құйылып жатыр.

Жалпы алғанда, Әкежан Қажыгелдиннің сұхбатында жаңсақ кеткен тұстар шаш-етектен, ал экраннан оқылған мәтінге келетін болсақ, тіпті күлкілі дүниелер айтылған. Біз бағдарлама жүргізушісіне кінә артпаймыз: Аян энергетика саласын түсінбесе, одан бірдеңе талап етудің де қажеті жоқ. Ал бұрынғы премьер-министрдің өзіне келер болсақ, кезінде «Алматыэнергоны» сутегінге сатып алып, кейін бұл жобадан шыққанда қыруар пайда тапқан әйгілі «Трактебель» компаниясы дәл осы кісінің тұсында келген болатын!

Оның үстіне, отандық энергетиканың әлі күнге дейін еңсесін көтертпей келе жатқан басты дерті — әртүрлі өңірдегі бір санаттағы тұтынушылар үшін тариф құнының әрқалай болуы дәл осы Қажыгелдин үкіметті басқарып тұрған кезде басталған еді.
Бірақ сырттай 10 жылға сотталып, бүгінде Лондон қаласында бас сауғалап жүрген бұрынғы премьердің кенеттен Қазақстан энергетикасына жаны ашып, бас қатыра қалуына не себеп?

Сондай-ақ бұл тақырыптан аса хабары жоқ «Елмедиа» арнасының бірден «энергетикалық коллапс» туралы байбалам сала бастағаны қалай?

Мұның жауабы өте қарапайым және бәрінің көз алдында тұр: Әкежан Қажыгелдин сұхбат кезінде артына фон ретінде Ватерлоо көпірін, Биг-Бен мен Вестминстерді қойып қойыпты. Бұл «ағылшындар астыртын әрекет жасап жатыр» дегенді аңғартады. Бұл жолы Лондонда тұрақтап қалған қонағымыз жаңа Отанымен бір-ақ нәрсеге қатты алаңдап, бас қатырып отыр: ол — «Росатомның» Қазақстанға келуіне жол бермеу. Олардың бұл тақырыптан жүйкесі жұқарып, зәресі ұшып отырған жайы бар. Соған қарағанда, «Елмедианың» да дәл осы мәселеде неліктен екені белгісіз, жанды жеріне тиіп, шыжбық болып жатқаны содан болар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.