Евразия24ЭкономикаЭкономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге төмен?

Экономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге төмен?

|

|

Экономист Айдархан Құсайынов Қазақстан экономикасындағы соңғы динамикаға қатысты өз бағасын берді. Оның айтуынша, елдегі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) өсімі соңғы 12 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Алайда сарапшы одан да маңызды аспектіні – 2022 жылдан бері байқалып келе жатқан орташа жылдық өсім қарқынының тұрақты үдеуінҮкімет пен ақпараттық алаңның назарынан тыс қалып отырғанын атап өтті.

«Орташа жылдық көрсеткіштердің маңызы зор. Олар қысқа мерзімді құбылмалықты теңестіріп, нақты үрдістерді көрсетеді. Бұл экономикалық саясаттың шынайы мақсаттары мен міндеттерін айқындауға көмектеседі», – дейді Құсайынов.

Ол өз жазбасында табыстың өсу динамикасын да қамтыған графикаға тоқталып өтті. «Иә, графикте халық табысының өсу көрсеткіштері де бар. Олар кездейсоқ қосылып кеткен. Бұлақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне дейін қалыптасқан ескі дағды. Бұрын бұл көрсеткіштер бір кешенде қаралатын. Тренд өзгерді, бірақ әдет сақталып қалған. Енді оны жою үшін жұмыс істеймін», – деп қорытындылады сарапшы.

Евразия24 өз пікірін төменде білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов жақында алғаш рет журналистермен кездесіп, еліміздің экономикалық жетістіктері жайлы сөз қозғады. Оның ішінде ЖІӨ-нің өсімі де айтылды. Алайда, экономист Айдархан Құсайынов өз талдауында атап өткендей, бұл табыстар жайлы әңгімелерде ең басты – қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы назардан тыс қалған.

Сарапшы жариялаған графикке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы жартысында ішкі жалпы өнім 6%-дан астам өскен. Дегенмен, халықтың нақты табысы 0-ден төмен көрсеткішке түсіп кеткен. Осы екі көрсеткіш арасындағы алшақтық қоғамда орынды сұрақтар туындатуда: неге соңғы жылдары ЖІӨ мен халық табысы өзара байланысын жоғалтты? Экономика өрлеп бара жатса да, қарапайым халықтың тұрмысы неге жақсармайды?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.