Евразия24ЭкономикаЭкономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге төмен?

Экономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге төмен?

|

|

Экономист Айдархан Құсайынов Қазақстан экономикасындағы соңғы динамикаға қатысты өз бағасын берді. Оның айтуынша, елдегі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) өсімі соңғы 12 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Алайда сарапшы одан да маңызды аспектіні – 2022 жылдан бері байқалып келе жатқан орташа жылдық өсім қарқынының тұрақты үдеуін – Үкімет пен ақпараттық алаңның назарынан тыс қалып отырғанын атап өтті.

«Орташа жылдық көрсеткіштердің маңызы зор. Олар қысқа мерзімді құбылмалықты теңестіріп, нақты үрдістерді көрсетеді. Бұл экономикалық саясаттың шынайы мақсаттары мен міндеттерін айқындауға көмектеседі», – дейді Құсайынов.

Ол өз жазбасында табыстың өсу динамикасын да қамтыған графикаға тоқталып өтті. «Иә, графикте халық табысының өсу көрсеткіштері де бар. Олар кездейсоқ қосылып кеткен. Бұл — ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне дейін қалыптасқан ескі дағды. Бұрын бұл көрсеткіштер бір кешенде қаралатын. Тренд өзгерді, бірақ әдет сақталып қалған. Енді оны жою үшін жұмыс істеймін», – деп қорытындылады сарапшы.

Евразия24 өз пікірін төменде білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов жақында алғаш рет журналистермен кездесіп, еліміздің экономикалық жетістіктері жайлы сөз қозғады. Оның ішінде ЖІӨ-нің өсімі де айтылды. Алайда, экономист Айдархан Құсайынов өз талдауында атап өткендей, бұл табыстар жайлы әңгімелерде ең басты – қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы назардан тыс қалған.

Сарапшы жариялаған графикке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы жартысында ішкі жалпы өнім 6%-дан астам өскен. Дегенмен, халықтың нақты табысы 0-ден төмен көрсеткішке түсіп кеткен. Осы екі көрсеткіш арасындағы алшақтық қоғамда орынды сұрақтар туындатуда: неге соңғы жылдары ЖІӨ мен халық табысы өзара байланысын жоғалтты? Экономика өрлеп бара жатса да, қарапайым халықтың тұрмысы неге жақсармайды?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.