Евразия24Басты бетҚазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 1-бөлім

Қазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 1-бөлім

|

|

Қазақстанда алтын өндірумен айналысатын жеке тұлғалардың (яғни, старательдердің) қызметі заңды экономикалық әрекет ретінде мойындалған. Алайда бұл саладағы әкімшілік реттеу жүйесі әлі де жетілмеген күйде, соның салдарынан ресми тіркелген заңды старательдер саны өте аз. Керісінше, заңсыз алтын іздеу көлемі жыл сайын өсіп келеді. Алтын бағасының өсуі бұл үрдісті тіпті үдетіп, қымбат металл айналасындағы қылмыстық инфрақұрылымның да күшеюіне ықпал етуде.

Старательдік қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 34-тарауымен және 2016 жылғы 14 қаңтардағы (өзгерістерімен және толықтыруларымен) «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» заңымен реттеледі.

Алайда ашық дереккөздерде өткен жылы қанша старательдік лицензия берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Тек барлауға және өндіруге берілген лицензиялардың саны – 639. Жергілікті әкімдіктердің мәліметтері де шашыраңқы және жүйесіз. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 2019–2023 жылдар аралығында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген физикалық тұлғаларға небәрі 95 старательдік рұқсат берілген.

Егер старатель заңды жұмыс істемек болса, онда Қазақстан Республикасының азаматы (бұл қызмет түріне шетелдіктердің қатысуына тыйым салынған) арнайы лицензия алуы тиіс. Бұл лицензия үш жыл мерзімге беріледі және бір рет тағы да үш жылға ұзартуға болады.

Қызмет құны старательдік жүргізілетін учаскенің көлеміне байланысты есептеледі: 0,3 ш.км дейінгі жер үшін – 9 АЕК (2025 жылы 35 388 теңге); 0,3–0,5 ш.км аралығы – 12 АЕК (47 184 теңге); 0,5–0,7 ш.км – 15 АЕК (58 980 теңге).

Бір қарағанда төлем көлемі қолжетімді сияқты. Алайда мұнда да маңызды нюанстар бар. Ең алдымен лицензия алу үшін өтініш берушіде жер қойнауын пайдалану салдарына қатысты міндеттемелерді орындауға қажетті материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжат болуы тиіс. Яғни алтын өндіру барысында бүлінген табиғи ортаны қалпына келтіру (рекультивация) талап етіледі.

Егер старательдің жұмысы тек қол күшімен шектелмесе, онда пайдаланылатын техника мен жабдықтың толық тізімі ұсынылуы тиіс. Мысалы, жергілікті алтын іздеушілерге салмағы 10 тоннадан аспайтын бір жүк көлігін ғана тартуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, жоспарланып отырған жұмыстардың түрлері мен тәсілдері сипатталып, учаскеде қандай құрылыс жүргізілетіні туралы жоспар қоса берілуі қажет.

Бұдан бөлек, өтінім берілетін аумақтың жер пайдаланушысы немесе жекежер иесі мен жер қойнауын пайдаланушысының келісімі талап етіледі. «Ақ» жолмен жұмыс істейтін старательдер үшін тағы бір маңызды талап – олар жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метрден терең қазба жүргізе алмайды. Сондай-ақ, күнтізбелік жыл ішінде 50 килограммнан артық алтын өндіруге болмайды.

Алайда, барлық талаптар орындалса да, өндірілген алтынды заңды жолмен өткізу қиындық тудырады. Елдегі бағалы металлдарды сатып алуға басым құқыққа ие Ұлттық банк тек аффинирленген – жоғары тазартылған алтындысатып алады. Мұндай алтын тек аффинаж зауыттарында өндіріліп, құрамындағы барлық бөгде элементтер мен қоспалардан тазартылады.

Бірақ дәл осы аффинаж зауыттары жеке старательдермен жұмыс істеуге ықылас танытпайды. Себебі старательдер жеткізетін көлем мардымсыз, ал кеннің заңсыз жолмен алынғаны анықталып қалса, зауыт үлкен заңды қиындықтарға тап болады.

Жалпы, әркім өз мүддесін ойлайды. Заң шығарушылар мен мемлекеттік органдар экология мен жер иелеріне келетін зиянды азайтуға бағытталған тәртіп орнатқан. Ұлттық банк алтын құм мен самородоктармен жұмыс істеуге құлықсыз, өйткені бұл қосымша инфрақұрылым мен техникалық шығындарды талап етеді. Аффинаж зауыттары құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерден аулақ болғысы келеді.

Ал заңға бағынатын қарапайым старательдер назардан тыс қалып отыр. Осы себепті олардың көбі, еріксіз болса да, көлеңкелі нарыққа жол тартады.

Жалғасы бар.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.