Евразия24ЭкономикаИмпорт пен инфляция қысымы: теңге бағамына кім тосқауыл болады?

Импорт пен инфляция қысымы: теңге бағамына кім тосқауыл болады?

|

|

Экономист Эльдар Шамсутдинов теңге бағамының күрт төмендеуіне байланысты интервенция қажет деген пікірлерге қатысты сараптамалық көзқарасын білдірді: «Валюта нарығындағы жағдай «кім бірінші ым жасайды» деген ойынға ұқсайды. Егер Ұлттық банк «ым» жасап, интервенцияға жүгінсе, алыпсатарлар оны жоғары ықтималдықпен сатып алады. Бұл жағдайда айырбас бағамы тек қысқа мерзімге тұрақтауы мүмкін, алайда алтын-валюта резервтері қысқарады, ал нарық келесі бағам деңгейін бәрібір сынайды. Альтернативті нұсқа – нарыққа тепе-теңдікті өз бетінше табуға мүмкіндік беру. Мұндай тәсіл айтарлықтай ауытқулармен қатар жүруі мүмкін, бірақ бұл резервтерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алтын-валюта резервтері – алыпсатарлық қысымға қарсы нақты қорғаныс құралы. Ұлттық қормен бірлесіп, олар айырбас бағамының шамадан тыс ауытқуын тежеуде шешуші рөл атқарады. Осы себепті алдағы уақытта айырбас бағамын тұрақты деңгейде ұстау қажеттігі туралы пікірлер қоғамдық алаңға қайта шығуы мүмкін. Бұл бастама әлеуметтік тұрақтылық факторы ретіндеұ сынылады. Алайда бағамды фиксациялау жүзеге асқан жағдайда, еңалдымен, нарық қолда бар резервтерді сарқып, кейіннен бағамның өзі де ұстап тұруға келмейтін жағдайға тап болуы ықтимал».

Евразия24 пікірі:

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының құбылуына байланысты пікір білдірді. «Биржадағы және банкаралық нарықтағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Кенеттен туындайтын жоғары құбылмалылық немесе алыпсатарлық операциялар байқалған жағдайда жедел әрекет етуге дайынбыз. Прагматикалық мемлекеттік саясаттың нәтижесінде 52,2 млрд АҚШ доллары көлемінде халықаралық резерв жинақтадық. Бұл резервтер алыпсатарлық ауытқуларды жұмсартуға мүмкіндік береді», – деді ол. 21–28 шілде аралығында доллар бағамы орта есеппен 16 теңгеге қымбаттап, 28 шілде күні таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша 529,4 теңгеден 545,5 теңгеге дейін өсті. Бұл жағдайда қаржы секторы өкілдерінің пікірі екіге бөлініп отыр: бірі – Ұлттық банк теңгені қолдауы тиіс десе, енді бірі – валюта нарығына өз бетінше тепе-теңдік табуға мүмкіндік беру қажет деп санайды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы интервенция жүргізу қажет деген ұстанымда. Олардың пікірінше, ұлттық валютаға қысым күшейген жағдайда импорт бағасының өсуі инфляциялық тәуекелдерді арттыруы мүмкін. Ал бұл көзқарасқа қарсы уәж айтушылар – валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуді қолдайтындар. Қалай болғанда да, сарапшылар пікіріне сүйенсек, «доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттауы» шынайы сценарийге айналып келе жатқандай.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

2026 жылы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін

2026 жылдың вегетациялық кезеңінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі ықтимал.

Қазақстанда әуе тасымалы 10 айда 6,5%-ға артты

2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстанда әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауыранбаев мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Чехия мен Нидерландтағы елшілерді ауыстырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдердегі дипломатиялық корпусқа қатысты бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Литва Беларусь активтерін бұғаттау немесе тәркілеу мүмкіндігін қарайды

Литваның Мемлекеттік қорғаныс кеңесі (VGT) желтоқсан айының ортасында Литва аумағында орналасқан Беларусьтің қандай активтері бұғатталуы немесе тәркіленуі мүмкін екенін талқылайды. Бұл туралы Литва Президенті Гитанас Науседа мәлімдеді.