Евразия24ЭкономикаИнфляцияға қарсы күрес: Ұлттық банктің шешімі және қоғамның көзқарасы

Инфляцияға қарсы күрес: Ұлттық банктің шешімі және қоғамның көзқарасы

|

|

Экономист Руслан Сұлтановтың пайымдауынша, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға (±1 пайыздық дәлізбен) дейін көтеру арқылы маңызды шешім қабылдады. «Бұл – бұрыннан пісіп-жетілген, уақытылы жүзеге асуы тиіс болған шара, сондықтан оның әсері де айтарлықтай қатаң болды. Ешқандай «ғажайып» орын алған жоқ – тамыз және қыркүйек айларындағы макроэкономикалық деректер бар үмітті толықтай жоққа шығарды. Инфляция тұрақты және қарқынды сипатқа ие бола бастады. Неге бұл жағдай алдын ала болжанған еді? Бұл – экономикалық үдерістердің қалыпты заңдылықтарына сай дамуы. Қалыптасқан жағдай экономикалық теория оқулықтарындағы үлгілерге ұқсайды. Бір жағынан – жыл басынан бері ЖІӨ-нің рекордтық өсімі (+6,5%) байқалса, екінші жағынан – сұранысты күшейткен бюджет шығыны нарықты қыздырып жіберді. Нарыққа өте ауқымды ақша массасы түсті, алайда тауарлар мен қызметтердің көлемі мұндай қарқынмен үлгермеді. Қаражат қайда бағытталады? Дұрыс – бағаға. Нәтижесін көріп отырмыз: жылдық инфляция 12,9 пайызға жетіп, ал бір айдағы өсім 1,1 пайызға дейін жеделдеді. Мұндай жағдайда таңдау айқын: “қымбат ақшаны” қабылдау немесе бағаны бақылау мен теңгеге деген сенімнен толық айырылу. Ұлттық банктің бұл қадамы – екі зұлымның арасынан зардабы азын таңдаумен пара-пар. Уақтылы қабылданды ма, жоқ па – белгісіз, дегенмен кеш болса да, жүзеге асқаны маңызды. Халықтың әл-ауқатына кері әсер етіп отырған жоғары инфляция жағдайында өзге тиімді әрі ұтымды шешім қалмады. Қазіргі ең басты міндет – инфляциялық күтулерді бәсеңдетіп, елді тұрақтылық жолына қайта бағыттау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін экономиканы уақытша баяулату қажет болса да, ол бақылаусыз қызып кетудің және соның салдарынан туындайтын әлдеқайда күрделі мәселелердіьалдын алуға мүмкіндік береді.

 

Евразия24 пікірі:

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімі қоғамда әртүрлі пікір тудырды. Бұл әсіресе экономикалық парақшалардағы пікірлерден байқалады. Кейбір қолданушылар бұл шешімді бизнеске қысым деп бағалап: «Салық пен мөлшерлемені қатар көтеру – кәсіпкерлікті тұншықтырады. Мұндай жағдайда инфляцияны тежеу мүмкін емес», – дейді. Тағы бір пікірде нақты ұсыныстар келтірілген: «Инфляцияны туындататын негізгі факторлар шешілмейінше мөлшерлемені көтеру тиімсіз. Алдымен экономикалық қайтарымы жоқ бюджеттік шығындарды, әсіресе Ұлттық қор қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды қысқарту қажет (мейрамдар, мерейтойлар, субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, стадион құрылысы, жиек тастарды алмастыру). Белгісіз бір ауыл немесе ауданның тойын дүркіретіп өткізуге кететін шығындар көңілге қонбайды. Сондай-ақ теңгені әлсіретіп, жалпы импорт бағасын өсіретін импортқа тәуелді шығындарды да қысқарту керек». Алайда бұл пікірге қарсы көзқарас та да айтылды. Мәселен: «Түсінбейтіндер көп, құрметті пікір қалдырушылар! Мерекелік іс-шаралар, жиек тастар мен стадиондар – тым болмағанда жүздеген адамды уақытша жұмыспен қамтитын жобалар. Астана үшін кез келген жолмен жұмыспен қамту маңызды болып тұрған кезеңде бұл шығындар – заңды құбылыс. Әрине, елдегі жұмыссыздықты азайтуға ірі өндірістердің белсене араласпауы өкінішті, бірақ бұл – «алып-сату» экономикасының өзіне тән ерекшелігі».

 

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Премьер-министрі Zijin Mining компаниясының басшысымен тау-кен металлургия кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Zijin Mining Group компаниясының төрағасы Чэнь Цзиньхэмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тау-кен металлургия кешеніндегі (ТМК) инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс спикері Тоқаевқа палата қызметі туралы баяндады

Ерлан Қошанов Мәжілістің қазіргі қызметі туралы ақпарат берді. Хабарламаға сәйкес, қазіргі уақытта Мәжіліс 15 заңды қабылдап, Сенатқа жолдаған. Палата қарауында 77 заң жобасы бар.

Нидерланд үкіметі қытайлық Wingtech-ке тиесілі Nexperia чип өндіруші компаниясын бақылауына алды

Нидерланд үкіметі жартылай өткізгіш компоненттер өндіретін, Қытайдың Wingtech Technology Co. компаниясына тиесілі Nexperia компаниясын бақылауына алды.

Францияда оппозициялық күштер үкіметке сенімсіздік білдіру бастамасын көтерді

Францияның оппозициялық саяси күштері премьер-министр Себастьен Лекорню басқарған үкіметке қарсы сенімсіздік вотумын жариялауға ұсыныс енгізді. Бұл бастамаға ұлтшыл бағыттағы «Ұлттық бірлік» партиясы мен «Республика үшін оңшылдар одағы» қолдау білдірді.