Евразия24Еуразия патриоттарыҰлы Отан соғысы қаһарманының есімі қайта жаңғырды

Ұлы Отан соғысы қаһарманының есімі қайта жаңғырды

|

|

Майдан Жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов хабарлайды:
«2025 жылғы 11 қазанда Павлодар қаласындағы Әскери даңқ музейінде ерекше тарихи әрі рухани маңызы бар оқиға өтті. Салтанатты жағдайда сарбаз Сейдахмет Жасыбаевтың соңғы шайқас болған жерінен алынған топырағы мен оның жеке заты – аты жазылған қасық – немересі Сәғит Болысбекұлы Жасыбаевқа табысталды.

Бұл рәсім – Отан үшін өмірін қиған жауынгердің тағдырын ұрпағына жеткізген, терең мәнге ие оқиғаның жалғасы. Сейдахмет Жасыбаев 1914 жылы Қазақ КСР Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген. Ол 1939 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатардағы жауынгер ретінде қатысқан. Алайда 1941 жылдың желтоқсанында хабар-ошарсыз кеткендердің қатарына енген. Сол уақыттан бері оның тағдыры беймәлім күйде қалды. Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі курсанттары, Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Павлодар облысының ардагерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

Іздеу жасақтарының жанкешті еңбегі мен бейжай қарамайтын жандардың арқасында, арада ондаған жыл өткен соң, батыр есімі қайта жаңғырып, ұлықталды».

 

Евразия24 пікірі:

Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің есімі мен мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізу – әрдайым ерекше мағынаға ие. Кейде бұл – олардың жерленген орнын анықтау болса, кейде жеке затын табу арқылы жүзеге асады. Жылдар өткен сайын тарих тереңіне кеткен майдангерлердің есімін қайта жаңғырту қиындай түседі. Павлодарлық «Майдан жолы» іздеу жасағының мүшелері осы бағытта соңғы бес жылдан бері тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Олар Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің тағдырын зерттеп, олардың өмір жолын қайта қалпына келтіруде. Әрбір оқиға – өзінше ерекше, тағылымды. 2021 жылдың мамыр айында Ленинград облысы Кириш ауданына қарасты Дубовик орман алқабында «Высота» (Кириши қаласы) және Григорий Булатов атындағы (Киров қаласы) іздеу жасақтары Қызыл Армия жауынгерлерінің санитарлық жерлеу орнын тапты. Сол жерден табылған жауынгерлердің бірі – Сейдахмет Жасыбаев болатын. Оның медальоны жақсы сақталған және сол медальон сарбаздың кім екенін анықтауға мүмкіндік берді. Қатардағы жауынгер Сейдахмет Жасыбаев әскери құрметпен қайта жерленіп, оның медальоны Павлодардағы «Майдан Жолы» іздеу жасағына тапсырылды. Артынша батырдың туыстары табылды. Оның Астанада тұратын немере інісі Сағит Жасыбаев алғаш рет атасының тағдыры туралы білді. Алайда бұл – сарбаздың тағдырын тану тарихының жалғыз бөлігі емес. Алғашқы табыстан үш жыл өткен соң «Поиск» жасағының мүшесі Николай Куприянов Сейдахмет Жасыбаевтың аты жазылған қасықты оның қаза тапқан жерінен 60 шақырым қашықтықтан тапты.

 

Бұл – жай ғана тұрмыстық зат емес. Бұл – сарбаздың соңғы күндерінен қалған жәдігер. Ол бірнеше онжылдықтан кейін жауынгердің есімі мен оның күрескен жерін және оны ұмытпаған отбасын қайта жалғады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Техникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

Өткен аптада Алматы – Тараз және «Қорғас» бағытында жүрген жүргізушілерге қомақты сомадағы айыппұлдар жаппай келе бастаған.

Қазақстандықтардың басым бөлігі 23 тамызда дауыс бермек

«Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасының нәтижесі бойынша азаматтардың 73,8%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті.

Қазақстан цифрлық даму деңгейі бойынша әлемдік үздіктер қатарында

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша 2024 жылғы соңғы рейтингінде Қазақстан 0,9 көрсеткішпен жоғары деңгейге ие болып, 24-орынға тұрақтады. Еліміз бұл рейтингте көптеген дамыған мемлекеттерді, соның ішінде Швейцария, Түркия, Латвия, Франция, Хорватия, Қытай, Канада, Италия және Бельгияны басып озды.

Ауылға бөлінген қыруар қаржы халық көші-қонын тежей алмады

Үкімет сарапшылары Қазақстандағы халықтың қоныстану жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқанын ашық айтып отыр. Жуырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаева 2050 жылға қарай ел халқының шамамен 70%-ы қалаларда тұратынын мәлімдеді. Қазірдің өзінде урбандалу деңгейі 63%-ға жеткен. Бұл үдеріс кейінгі отыз жылда агроөнеркәсіп кешенін, ауыл инфрақұрылымын, медицина мен білім беру салаларын қолдауға бағытталған 15-тен астам мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылғанына қарамастан жалғасып келеді. Ауыл халқының саны тұрақты түрде азайып, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті де кеміп барады. Сонда бұл – урбандалудың заңды нәтижесі ме, әлде аумақтық жоспарлауда жіберілген жүйелі қателіктердің салдары ма?