Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарКедейлік шегін белгілеу Еңбек министрлігінің құзыретіне берілмек

Кедейлік шегін белгілеу Еңбек министрлігінің құзыретіне берілмек

|

|

ҚазТАГ мәліметінше, Қазақстанда кедейлік шегін айқындау тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасында Әлеуметтік кодекстен алынып тасталған бірқатар норманы ведомстволық құжатқа енгізу көзделген. Жобаға сәйкес, Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар әр тоқсан сайын есептейді. Есептеу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген кедейлік шегінің мөлшері негізге алынады. Кедейлік шегіне қатысты мәліметті жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі туралы деректер жылына бір рет жарияланады. Бұл көрсеткіш республика бойынша, сондай-ақ Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде беріледі. Оны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жариялайды. Құжатта атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде кедейлік шегін айқындауға қатысты Әлеуметтік кодекстің 120-бабындағы жекелеген нормалар кодекстен алынып тасталғаны көрсетілген. Енді бұл мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен реттелмек.

 

Еуразия24 пікірі:

Біздің ойымызша, кедейлік шегін есептеу және оны жариялау тәртібін Әлеуметтік кодекстен алып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен реттеуге көшіру әлеуметтік саладағы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған қадам. Бұл өзгеріс министрлікке көрсеткіштер мен есептеу әдістемесін қажет болған кезде жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Ол үшін бұрынғыдай Әлеуметтік кодекске түзету әзірлеп, оны Құрылтайдың қарауына ұсынудың қажеті болмайды. Сонымен бірге әкімдіктер өңірлердегі кедейлік шегін үш ай сайын жариялап отыруға міндетті болып қала береді. Соның арқасында министрлік аймақтардағы жағдай күрт өзгерген жағдайда дер кезінде әрекет ете алады. Дегенмен мұның бәрі өзгерістің түпкі мақсаты жұмысты жеделдету болған жағдайда ғана орынды. Өйткені мәселенің екінші жағы да бар. Мұндай тәртіп атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалатын бюджет шығынын министрлік деңгейінде қабылданатын құжаттар арқылы реттеудің құралына айналып кетпей ме? Бұл жағдайда тиісті шешімдер заң шығарушы органның талқылауынсыз қабылданып, қоғамның назарынан тыс қалуы мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.