Евразия24ШетелдеШекаралар жабылып жатыр: Еуропа «Шенгеннің» болашағын қатерге тікті

Шекаралар жабылып жатыр: Еуропа «Шенгеннің» болашағын қатерге тікті

|

|

Deutsche Welle хабарлайды: Еуропа елдерінде Шенген аймағы шеңберінде ішкі шекараларды бақылау шаралары қайта енгізілуде. Бұл үрдісті сарапшылар «домино әсері» деп сипаттап отыр: бір ел бастаған шектеулерді өзгелері де іліп әкетуде.

Люксембург университетінің профессоры Бирте Ниенабер DW-ге берген сұхбатында бұл әрекеттерді «миграцияны тежеуге нақты әсері жоқ, тек саяси символизм» деп бағалады. Оның пікірінше, Еуроодақта оңшыл популистік партиялар күшейген тұста, центристік саясаткерлер сайлаушылардың белгілі бір бөлігінің қолдауын жоғалтпау үшін қатаң ұстаным көрсетіп, миграцияға қарсы нақты іс-әрекет жүргізіп жатқандай көрінуге тырысады. Ал шекаралық тексерулерқоғамға бағытталған дәл сондай айқын қадам.

Еуропарламенттің мәліметінше, ішкі шекараларды қайтадан бақылауға алу көлік және логистика саласына жылына шамамен 320 миллион еуро шығын келтіреді.

Eurasia24 пікірі:

Люксембург университетінің профессоры Бирте Ниенабердің пікірінше, шекаралық бақылауды саяси құралға айналдыру Шенген кеңістігінің күйреуіне алып келуі мүмкін. Бұл ескерту негізсіз емес: Біріккен Ұлттар Ұйымының көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы (IOM) 2024 жылы жариялаған жаһандық баяндамасында әлем бойынша 281 миллион халықаралық мигрант тіркелгенін көрсетті. Бұлжер шары халқының шамамен 3,6%-ы.

Аталған деректерге сәйкес, адамдардың басым бөлігі қақтығыстар, зорлық-зомбылық, табиғи апаттар және климаттың өзгеруі салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Баяндамада демократиялық елдерде, әсіресе Еуропада, миграция тақырыбының жиі саяси құрал ретінде қолданылып жүргені атап өтіледі. Кейбір елдерде өткен ұлттық сайлауларда миграцияға қарсы күрес пен өмір сүру құнының өсуі басты саяси тақырыптардың біріне айналған.

Осылайша, Еуропа тарихи, әрі күрделі таңдау алдында тұр: бір жағынаншекараларды жауып, анти иммиграциялық саясат жүргізу арқылы миграциялық қысымды азайту, екінші жағынанашықтық пен интеграция қағидаттарын сақтай отырып, Шенген жүйесін сақтау. Бұл таңдаудың салдары тек аймақтық қана емес, жаһандық ауқымда да сезілуі мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.