Евразия24Еуразия патриоттарыЦифрлық интеграция: ЕАЭО-дағы жаңа мүмкіндіктер бастауы

Цифрлық интеграция: ЕАЭО-дағы жаңа мүмкіндіктер бастауы

|

|

Eurasia.expert порталы Еуразиялық саясат институты жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының директоры Максим Крамаренкомен сұхбатын жариялады. Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріарасындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы ықпалдастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

Крамаренконың айтуынша, цифрлық құжаттарды, лицензиялар мен электрондық қолтаңбаларды өзара тану Одақ елдері арасындағы сауданы жеңілдетіп, тауар айналымының өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйелерін бірлесіп әзірлеу шығындарды азайтып, технологиялық ынтымақтастықты нығайтады.

Ол нақты мысал ретінде мынадай модельді ұсынды: дата-орталықтарды Қазақстанда орналастырып, ресейлік «Эльбрус» процессорларын қолдану және Беларусьтің оптоэлектроника саласындағы тәжірибесін пайдалану. Мұндай бірлескен жобалар Одақ шеңберінде өзара толықтырушы ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сарапшының пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – ортақ төлем жүйелерін құру. Бұл, әсіресе, санкциялық қысым жағдайындағы Ресей үшін өзекті. Цифрлық ұлттық валюталарға арналған бірыңғай стандарттар әзірлеу мен енгізу ЕАЭО ішіндегі интеграцияны тежеуге бағытталған сыртқы шектеулерді еңсеруге жол ашатынын атап өтті.

Eurasia24 пікірі:

Еуразиялық саясат институтының директоры Максим Крамаренконың бастамасына назар аударады. Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақ(ЕАЭО) шеңберінде экономикалық интеграцияны цифрландыруға бағытталған арнайы IT-университет ашу идеясын ұсынды.

Крамаренконың пікірінше, ЕАЭО аумағы 20 миллион шаршы шақырымға жуық кеңістікті қамтығандықтан, одақ аясында жоғары білікті IT-мамандарды бір орталықта даярлау — уақыт талабына сай және болашағызор бастама. Университеттің негізгі кампусын бір елде орналастырып, барлықбес мүше мемлекетте филиалдарын ашу арқылы интеграциялық процестерге кадрлық қолдау көрсетуге болады.

Сарапшы бұл ұсыныстың басты артықшылығы ретінде кадр даярлаудағы бірыңғай тәсіл мен оқыту стандарттарын атады. Бұл технологиялық деңгейітең, үйлесімді ортақ нарықтар қалыптастыру ісін жеңілдетіп, ЕАЭО елдерінің барлығына бірдей пайда әкелмек. Оның айтуынша, нақты қойылған міндет — кез келген ауқымды жобаның табысты бастамасы.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.