Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҰлттық мүдде және әлеуметтік желідегі бейберекет пікірлер

Ұлттық мүдде және әлеуметтік желідегі бейберекет пікірлер

|

|

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым мынадай деп сауал жолдады: «Құрметті Берік Ноғайұлы (Асылов, Бас прокурор – ред.)! Құрметті Аида Ғалымқызы (Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі – ред.)! 2025 жылы қарашаның соңында негізгі экспорттық инфрақұрылым нысаны – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалының жұмысы бұзылуына байланысты Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнді. Новороссийск маңындағы КҚК терминалына теңіздегі ұшқышсыз аппараттармен жасалған шабуыл салдарынан қашықтағы айлақ құрылғысы (ҚАҚ-2) істен шықты (…). Қалыптасқан жағдай сыртқы тәуекелдерді ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жедел әрекет етуін талап ететін ішкі проблемаларды да айқындады. Әлеуметтік желілерде аталған, мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды ашық түрде құптап, қолдайтын азаматтардың жарияланымдары пайда болуда. Мұндай әрекеттер сөз бостандығына берілген конституциялық құқық шегінен шығып, ұлттық мүдделерге тікелей зиян келтіреді. Осыған байланысты төмендегі мәселелерді қарастыруды сұраймыз: Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне соққы беруге ашық түрде үндеу жасаған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беру; аталған әрекеттерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) және 175-бабы (мемлекетке опасыздық) бойынша саралау мүмкіндігін қарастыру…»

Евразия24 пікірі:

Ақыры ресми деңгейде Украинаға қатысты оқиғаларға қазақстандықтардың бейберекет реакция танытып жүргені айтылды. 30 қарашада ақпараттық сайттар дрондар шабуылынан кейін Қазақстанның Украинаға КҚК-ға қатысты наразылық білдіргені туралы ақпарат таратқанда, әлеуметтік желілердегі «дипломаттар» ашық ызамен пікір қалдырды. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі «Ресеймен жақындығыңның салдары осы, Украина қолынан келгенін істеп жатыр» деді. Қазақстанның наразылығына Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихийдің «Ресейдің Украинадағы азаматтық нысандарға соққылары мен адам шығынына ондай реакция білдірмедіңіздер ғой» деген сарындағы мазаққа толы жауабынан кейін
Қазақстандағы «ұлттық-патриоттық дипломатия» одан әрі күшейіп, украин әскери күштерінің халықаралық экономикалық инфрақұрылымға қарсы әрекеттерін белсенді түрде қолдай бастады. Пікір білдірушілердің көбі «бізге бұл мұнай экспортынан бәрібір бір тиын да түспейді» деп ақтауға тырысты. Сондықтан «қорғанып отырған тарап» «ресейлікке қатыстының бәрін бомбалау керек» деген тұжырымға дейін барды. Айдос Сарымның депутаттық сауалының тағдыры қандай болмақ? Біздің пікірімізше, оқиға екі түрлі өрбуі мүмкін. Біріншісі – елдің экономикалық мүдделеріне қарсы ең агрессивті пікір білдірген шамамен он шақты адамды тауып, жауапкершілікке тарту. Екіншісі – тиісті жұмыстардың барлығы жүргізілетіні туралы уәде беріліп, іс жүзінде бұл бағытта айтарлықтай белсенділік танытылмай, ақыр соңында «кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін болмады» немесе «олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген қорытындымен шектелу.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қамау орындарындағы ахуал: мәлімдемелер мен деректер

Қазақстанда тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде азаптау қалыпты құбылысқа айналған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеп, Бас прокурор Берік Асыловтан аталған жағдайларға құқықтық баға беруді сұраған. Сондай-ақ ол сотталған азаматтарға негізгі құқықтарының толық көлемде қамтамасыз етілмейтінін атап өтті

ЕЭК аграрлық ғылымы: жоспарлар мен нақты қажеттіліктер

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы 2026–2030 жылдарға арналған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) тізбесін бекітті.

«Набиуллина депозиті» үшін Америка мен Еуропа  текетіресі

Батыста бұғатталған әрі заңсыз иемденілген Ресейдің шамамен 350 млрд АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік активтері төңірегіндегі тартыс қайта күшейді. Алайда бұл жолы қарсы тараптар Кремль мен ұжымдық Батыс емес, неоглобалистік және трампшыл саяси күштер болып отыр. Еуропа елдері бұрын Ресей Федерациясына тиесілі болған миллиардтаған қаражатты соғыс қимылдары аясында өзіне қарсы пайдалануды көздейді. Ал АҚШ аталған соманы Украинаны қалпына келтіруге бағыттауды жоспарлап отыр.

Қазақстан Президенті әкімшілік әділет мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік әділет, нормашығармашылық және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.