Евразия24Жаңалықтар1 тамыздан бастап АҚШ Канададан келетін импортқа баж салығын 25%-дан 35%-ға көтерді

1 тамыздан бастап АҚШ Канададан келетін импортқа баж салығын 25%-дан 35%-ға көтерді

|

|

Вашингтон. 1 тамыз. INTERFAX – АҚШ президенті Дональд Трамп Канададан әкелінетін тауарларға кедендік баж салығын 25%-дан 35%-ға дейін көтеру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде айтылды.

«Президент Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Канада үшін кедендік тариф мөлшерлемесін 35% деңгейіне дейін арттыруды көздейтін жарлыққа қол қойды», – делінген құжатта.

АҚШ әкімшілігінің мәлімдеуінше, Трамптың бұл әрекеті Канаданың фентанил затын заңсыз жеткізу ағынын тежеу бойынша ынтымақтастықтан бас тартуына, сондай-ақ президенттің осы ерекше әрі төтенше қатерді жою жөніндегі қадамдарына жауап ретінде АҚШ-қа қарсы қабылданған шараларға жауап болды.

Сонымен қатар, АҚШ-Мексика-Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісім (USMCA) аясында преференциялық режиммен жеткізілетін тауарлар жаңа тарифке жатпайтыны нақты көрсетілген.

Бұдан бөлек, жаңа баж салығын айналып өту мақсатында басқа елдер арқылы транзитпен жеткізілетін тауарларға 40% мөлшерінде қосымша салық салынатыны ескертілген.

Бұл ретте Онтарио провинциясының премьер-министрі Даг Форд Вашингтонның шешімін «алаңдатарлық қадам» деп бағалап, Канада билігін АҚШ-тың болат және алюминий өнімдеріне 50%-дық жауаптық тариф енгізуге шақырды.

«Канада әділ келісімге ғана келісуі керек. Қазір кері шегінетін уақыт емес. Біз өз ұстанымымыздан таймауымыз қажет», – деп жазды Форд әлеуметтік желідегі парақшасында.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.